Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Т.Нұрашев: Энергия үнемдеу саласына ивесторлар тарту керек

14 қараша 2016
Фото: Арман Мухатов

Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасының 100 нақты қадам Ұлт Жоспарының 59-қадамы:«Мойындалған халықаралық энергосервистік шарттар арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторлар тарту» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихатына Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрашев Тимур, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Алтангерел Мунхтуя, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Махамбет Айдар қатысты.

Жиында Нұрашев Тимур: «Энергия тиімділігі саясаты басталғаннан бері ЖІӨ энергия сыйымдылығының төмендету тенденциясы байқалды. Бүгінде ЖІӨ энергия сыйымдылығы 2011 жылғы деңгейден 30%-ға төмендеген», – деді. Сондай-ақ, спикер Алтангерел Мунхтуя энергияға қажетті технологиялар мен материалдарды енгізу шараларының тиімділігі 30-дан 50%-ға дейін арқанын тілге тиек етті. Ол: «Бұл ретте шаралардың өтілім мерзімі 3-тен 9-ға дейінгі жылдар аралығында», – деп қысқа қайырды.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, энергия сервистік қызметтердің нарығын дамыту бөлігінде қадамды іске асыруды «Транспорт Тауэр» өз ғимараттын жарықтандыруды жаңғырту бойынша жобаны іске асырудан бастаған.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ