Брифинг

«Цифрлық армия» жобасы өз жұмысын бастады

18 сәуір 2017

Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға арналған баспасөз конференциясы өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысты.

«Қарулы Күштерде Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу бойынша әскер түрлері мен жеке құрамның күнделікті уақытын тиімді басқару үшін заманауи ақпараттық технологиялар мен интеграцияны пайдалана отырып «Цифрлық армия» бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыстар басталды. «Цифрлық әскери білім мен ғылым» жобасын іске асыру әскери оқу мекемелерінің базасында ғылыми инновациялық қарқынының әрі қарай дамуына зор көмегі тисе, ал «Цифрлық әскери медицина» жобасы болса әскери медициналық бөлімдер мен мекемелердің базасында әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына сапалы медициналық қызмет көрсетуді жақсарту үшін мүмкіндік береді», - деді ҚР ҚК Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов.

Оның айтуынша, халыққа қызмет көрсетудің стандарттарын халыққа қызмет көрсету орталықтарына ұқсас енгізіп әзірлеу де маңызды қадамдардың бірі болып есептеледі. Осы мақсатта Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп «Цифрлық армия» жобасы аясында жергілікті әскери басқару органдарында азаматтарға қызмет көрсету түрлерін автоматтандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Қазір таңда үш мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін электрондық форматқа ауыстыру үшін арнайы іс-шаралар жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жолдауында әлеуметтік қамтамасыз ету саласында нақты тапсырмалар көрсетілген.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат