Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Туристердің құқықтары кепілдендіріледі

26 желтоқсан 2016
Фото: Арман Мухатов

«Туристік Қамқор» корпоративтік қоры шетелде қалып қойған Қазақстан азаматтарын елге қайтару бойынша шаралар қабылдайды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сыртқы туризм саласында ҚР азаматтарының құқығын кепілдендіру жүйесінің негізгі ережелері түсіндірілді.

Инвестициялар және даму министрлігі туризм индустриясы департаментінің дерегі бойынша, 2014-2015 жылдары жауапсыз туристік нарық өкілдерінің кесірінен көптеген отандық туристердің шет елдерде орналасқан орындарының ақысы мен кері қайтатын жол ақылары төленбей қалған. Енді осындай жағдайлар орын алатын болса, «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры шетелде қалып қойған Қазақстан азаматтарын елге қайтару бойынша шаралар қабылдайды.

Еске сала кетейік, биыл 7 қарашада Қазақстан Республикасының Үкіметі туроператорлардың өздеріне жүктелген міндеттерін дұрыс орындамаған жағдайында отандық туристерді елге қайтару мәселелерін реттейтін, яғни, азаматтарымызды уақытша қалып қойған елдерінен Қазақстан территориясына алып келуді қамтамасыз ететін 2 қаулы қабылдады.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ