Брифинг

Тұрғындарды тіркеу өтініш қабылданған күні ресімделеді

4 қаңтар 2017

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан азаматтарын тіркеу тәртібін түсіндіруге арналған баспасөз-конференциясында ҚР ІІМ Көші-қон полициясы Департаменті бастығының орынбасары Галина Сәрсенова мәлім етті.

Тіркеудің шарттары мен тәртібін жеңілдету бойынша ІІМ бірнеше шараларды жүзеге асыруда. Спикердің айтуы бойынша, жаңадан тіркелу үшін бұрынғы тұрғылықты жердегі тіркеуден алдын ала шығудың қажеті жоқ, себебі бұрынғы мекен жайдан шығару автоматты түрде жүреді. Онымен бірге, электронды Үкімет Порталы арқылы онлайн тіркелуге болады. Тұрғылықты орны бойынша тіркелуге мүмкіндік болмаған жағдайда жұмыс орны немесе оқу орны бойынша тіркеуге тұруға болады.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат