Брифинг

VII Азаматтық форумға 300-ден астам ҮЕҰ өкілі қатысты

29 қараша 2016

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның VII Азаматтық форумының қорытындылары талқыланды. Форумның негізгі мақсаты коммерциялық емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың ашық үнқатысуын орнату және күш-жігерлерін біріктіру болды.

«Қазақстанда 300-денастам үнқатысу алаңы бар, солардың ішінде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар үшін анағұрлым маңыздысы Азаматтық форум болып табылады», - деп мәлімдеді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің вице-министрі Абзал Нүкенов.

Оның айтуынша, форумға қазақстандық, шетелдік және халықаралық Үкіметтік емес ұйымдардың 300-ден астам өкілі, сондай-ақ Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқару органдарының, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылық қауымдастық қатысқан.

Сонымен қатар, Абзал Нүкенов Форумаясында делегаттар отандық үкіметтік емес ұйымдардың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлестерімен танысқанын және форум делегаттарының министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен кездескенін де айтып өтті. Орталық мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ басшыларымен 8 кездесу ұйымдастырылған.

«Жекелеген сарапшылардың пікірінше, соңғы 5 жыл ішінде ғана орталық және жергілікті мемлекеттік атқару органдары ҮЕҰ-мен бірлесіп 7 мыңдай әлеуметтік жобаны жүзеге асырған», - деп мәлім етті ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің fзаматтық қоғам істері жөніндегі комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова.

Форум шеңберінде өткен әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде Талдықорған қаласының «Атамирас» ҚБ-і жеңімпаз атанып, 1 миллион теңгеге ие болды.

Естеріңізде болса, Қазақстанның VII Азаматтық форумы Астанада 2016 жылғы 25 қарашада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен болатын. Бұған қоса, 2016 жылғы 28 қарашада ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен ҮЕҰ-мен өзара әрекеттестік жөніндегі үйлестру кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Отырыста Қазақстанның VII Азаматтық форумының қорытындылары бойынша жасалған нұсқаулықтарды жүзеге асырудың жоспары талқыланды.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат