Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Вице-министр ОКҚ алаңында еліміздегі электр энергетикасы саласының жаңғыртылуы туралы баяндады

16 ақпан 2017
Фото: Арман Мухатов

«Жалпы электр энергетикасының жаңғыртылуы туралы айтатын болсақ, шекті тарифтер бағдарламасы аяқталды. Аталған бағдарламаның нәтижесінде барлық энергия өндіруші ұйым 7 жыл мерзім ішінде өз өндірісін жаңғыртуға мүмкіндік алады»-, деді ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев.

«Бұл бағдарлама аясында 5 мыңға жуық жаңғыртылған қуат енгізілді, одан өзге қосымша тағы 3 мың мегаватты қуат енгізді, бұл бүгінгі таңда елімізде қуат қорының сақталуына әкелді. Мысалға, қуаттың барынша шыңы 14 гиговатты құраса, ал бізде қордың 30 пайызы сақталған. Кеңес Одағы кезінде қуаттың орта қоры 2,5-3 пайызды құраған. Қолға алған жемісті бағдарламаның нәтижесінде айтарлықтай қуат қорын сақтауға мүмкіндік берді,-деді Бақытжан Жақсалиев.

Энергетика вице-министрі электр желілерін жаңғырту бойынша атқарылған жұмыстары туралы қысқа қайырды. «Өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін бұл жұмыстар атқарылмады. Осыған орай, ынталандыру кезеңдері енгізілді. Бұл бірінші кезекте, жаңғырту бағдарламасының негізінде тиісті тарифтер жасалынды. Бұл бағдарлама сарапшы ұйымдар мен мемлекеттік органдар ретінде қарастырылған: Экономика министрлігі және Энергетика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігі.

Сондай-ақ, Вице-министр Жақсалиев Астана қаласындағы электр желілерінің жаңғыртылуына қатысты атқарылған шараларды да атап өтті. Астананың оң жағалауындағы электр желілерінің дамуы аясында Үкімет бірқатар бюджеттік бағдарламаларды қабылдады. Бұл бағдарлама жаңа желілік нысандардың құрылысына бағытталған.

«Бүгінгі таңда келесі жобалар жүзеге асырылды: Астана айналасында 220 киловольтті сақина желісі құрылды және радиалды желісімен 110, 35, 20 киловольтті күшімен байланыс желісі біріктірілді. Қазіргі таңда қосалқы станция өз жұмысын бастады. Енгізілген жабдықтар дүниежүзілік техникалық талаптарға жауап беретінін атап өткіп келеді. Бұған елеулі және танымал компаниялар жұмылдырылды. Қазіргі уақытта Астана аймағында желі бойынша қорын дайындау арқылы ЭКСПО көрмесін абыроймен өткіземіз деген сенімдемін. Басқа аймақтардағы желілерді жаңғыртуға келсек, дәл осындай жаппай жұмыс атқарылған жоқ. Дегенмен, жаңғырту бағдарлама аясында қарастырылған»,-деді ОКҚ баспасөз мәслихатында Бақытжан Жақсалиев.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ