Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Манифест. Әлем. XXI Ғасыр

25 тамыз 2016
Бірнеше күннен кейін, 29 тамызда, Астанада «Ядролық қарусыз әлемді құру» халықаралық конференциясы болады.
30 мамыр 2016
31 мамырда Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясы өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды.Конференция Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы күзде БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында ұсынған халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бастамаларын іске асыру аясында өткізіледі.«Алдағы конференцияның өзектілігі бүгінде терроризм мен экстремизмнің әлемдік қауымдастық үшін ауқымды қатерге айналуында болып отыр, сондықтан ол ұлттық мемлекеттеп шеңберінен шығып, жыл өткен сайын барынша тұрақтылық пен ұйымдасушылыққа ие болуда. Конференцияда Қазақстанның тұрақты саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы этникааралық, дінаралық, мәдениетаралық үйлесімсіз мүмкін емес деп санайтын ұстанымын білдіретін болады. Сондықтан қазір елімізде 100-ден астам этностық топ өмір сүріп жатыр, 17 конфессия өзара ықпалдасуда. Қазақстан алдағы конференцияда осы саладағы іс-тәжірибесімен бөліседі», - деді ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Георгий Ким.Парламентшілер, діни қайраткерлер, халықаралық ұйымдардың басшылары мен сарапшылар терроризмге қарсы күрес мәселелерін талқылау үшін алғаш рет бір үстел басында жиналмақ. Шараға әлемнің 41 елінен 63 делегация қатысады деп күтілуде.
29 сәуір 2016
Қазақстандағы аз байытылған уран банкі ең жоғары қауіпсіздік деңгейімен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Тимур Жантикин мәлім етті.«Аз байытылған уран банкі – бұл ядролық қару технологияларының таралу қаупін төмендетуге бағытталған жобалардың бірі. Өкінішке орай, ядролық отын циклында қару құрастыру үшін пайдалануға болатын технологиялар бар. Сондықтан банк жобасы отынды атомдық энергетикалық құрылғыларға тасымалдау бойынша кепілдік беруге бағытталған», – деді Т. Жантикин.Ол сондай-ақ Қазақстанның ядролық отынмен жұмыс жасаудағы мол тәжірибесін, ал банк орналасатын Үлбі металлургия зауытында барлық қажетті инфрақұрылым бар екенін атап өтті.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ