Брифинг

ҰЭМ: Бизнесті қайта реттеуге жүргізілген тексерістердің нәтижесі айтарлықтай

13 ақпан 2017

Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева бизнесті қайта реттеу бойынша қабылданатын шаралар және кәсіпкерлікке едәуір қысым жасайтын мемлекеттік органдардың тексерістерінің қорытындылары жайлы әңгімеледі.

Ғ.Жолдыбаеваның айтуынша, мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау тексерістерінің нәтижесінде, бақылаушы мемлекеттік органдар бизнестің жұмысын тексеру барысында тексерілетін субъектілерге тексерістің тағайындалғаны туралы акт берілмей болмаса уақытылы берілмей (147 факт), тексеріс жүргізу туралы ескерту жасалмай немесе ескерту мерзімі сақталмай (24 факт), бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтыру мерзімі бұзылып (5 факт), тексеріс өткізу уақыты сақталмай жүргізілгендігі анықталған.

«Сонымен қатар, мемлекеттік органдар 1097 жағдайда тексеріс тағайындау туралы актілер міндетті талаптары тексерілуі тиіс нормативтік құқықтық актілер көрсетілмей толтырған, тексеріс қорытындылары туралы актілер дұрыс толтырмаған (790 факт). Тек 2016 жылы ғана прокуратура органдарында 188854 тексеріс тіркелген, мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 101019 тексеріс жүргізген», - деп хабарлады спикер Орталық коммуникациялар қызметінде болған брифингте.

Ғалия Жолдыбаева бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетуге арналған бағдарламалар аясында қолдау көрсетуден негізсіз бас тарту, мемлекеттік қолдау көрсету мерзімін дөрекі бұзу, бизнес субъектілеріне акционерлік қоғамдардың ішкі актілері негізінде ҚР заңнамаларында қарастырылмаған қосымша талаптар мен артық құжаттарды талап ету, функциялардың қайталанып келуі, қажетті құжаттарсыз мемлекеттік қолдау көрсету, келіп түскен өтінімдердің тіркелмеуі, бағдарлама талаптарына сай келмейтін кәсіпкерлерді заңсыз қаржыландыру деректері анықталғанын айтты.

«Тексерістердің қорытындысы бойынша 2016 жылы мемлекеттік мекемелердің басшыларына қатысты барлығы 4,8 млн теңгеге әкімшілік құқықбұзушылық туралы 46 хаттама толтырылған (бүгінде сот арқылы 38 хаттама бойынша 4 млн теңгеден артық сомада айыппұл салу туралы қаулы қабылданған), 40 астам лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады спикер.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат