Брифинг

Ұлттық ұлан барлық міндеттерді абыроймен атқарып келеді

9 қаңтар 2017

Тәуелсіздік жылдары Елбасы қамқорлығының арқасында Ұлттық ұлан алдына қойылған барлық міндеттерді абыроймен атқарып келеді.

Ұлттық Ұланның бүгінгі жетістігі - халқымыздың баға жетпес игілігі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Құқықтық тәртіп әскерінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік пен құқықтық тәртіп күзетінде - 25 жыл» тақырыбында өткен брифингте Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жөніндегі орынбасары Мұхаметқали Сатов мәлім етті.

Ұлттық ұлан жауынгерлерімен соңғы жылдары 12 мыңнан аса қоғамдық-саяси және басқа да бұқаралық іс-шаралардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Олардың қатарында V Астана экономикалық форумы, Әлемдік діндер көшбасыларының съезді, 2010 жылғы ЕЫҚҰ Саммиті, 2011 жылғы Азия ойындары, ТМД мемлекет басшыларының Кеңесі отырысы, жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысы және басқа да осы қатарлы халықаралық деңгейдегі шараларды айтуға болады.

Сонымен қатар, осы жылдар аралығында қала көшелеріндегі қылмыс деңгейі 38,9 пайызға азайған.


+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат