Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Ұлттық ұланның арқасында қылмыс 40% дейін азайды

9 қаңтар 2017
Фото дереккөзі: cis.minsk.by

Патрульдеу маршрутына күн сайын 5 000-нанастам әскери қызметші шығады. Осы жылдар ішінде қаладағы көше қылмысы 38,9 % төмендеді, деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметінде құқықтық тәртіп әскерлерінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған баспасөз конференциясы барысында Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының Тәрбие және әлеуметтік-саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сәтов.

«Жедел бөлімдер ішкі істер органдарымен бірлесе отырып, еліміздің 19 қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп келеді. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің алдында қойылған міндеттер ауқымы өте кең. Мысалы, еліміздің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, ҚР ІІМ ҚАЖК әскери бөлімдері түзету мекемелерін күзетуді де іске асырады. ҚР Жоғарғы және Әскери соттарын күзетеді. Стратегиялық және айрықша маңызды мемлекеттік нысандар да Ұлттық ұланның арнаулы әскери бөлімдерінің қорғауында», - деді Мұхаметқали Сәтов.

Ол «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің терроризм және экстремизммен күрестегі, олардың мемлекеттің негізгі мүдделеріне, азаматтардың өмірі мен денсаулығына аса қатерлі қауіп туғызатын құқық бұзушылыққа қарсы тұрудағы айырықша рөліне баса назар аударып өтті.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ