Брифинг

Заң алдында өз жазасын толық өтеген азаматтарға жаңа үлгідегі анықтама беріледі

19 сәуір 2017

Соттылығы өтелген немесе алынып тасталған азаматтар немесе оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылғанда «Соттылығы жоқ» деген анықтама алатын болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин мәлім етті.

Спикердің айтуынша, бүгіннен бастап, азаматтарға жаңа үлгідегі анықтама қолжетімді.

2016 жылдың 15 желтоқсанында Үкіметтің №816 қаулысымен Мемлекеттік қызметтер реестіріне соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтамаға қатысты өзгертулер енгізілген еді.

Жаңа стандарт бойынша көрсетілетін қызметтің атауы «Тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы» анықтаманың жазбасы бұдан былай «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы» деп өзгертіледі.

Сондай-ақ, шетелге шығатын тұлғалар қағаз жүзінде соттылықтың болуы немесе болмауы туралы апостиль қойылған анықтаманы енді 8 жұмыс күні ішінде ала алады. Бұрын бұл қызмет түрі 22 жұмыс күнін қажет ететін.

Айта кетейік, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен 2016 жылы 2 миллионнан аса анықтама берілген..

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат