Хабар

«Хабар» телеарнасы Қазақстан Республикасының заманауи медиа кеңістігінде халыққа қоғамда орын алған жайттар туралы жаңалықтар мен талдамалы бағдарламаларды үздіксіз, әрі жедел ұсынатын ақпараттық-телевизиялық агенттік болып табылады.

Телеарна «билік – БАҚ – қоғам – тұлға» тізбегін құрайтын саясат, әлеуметтік-мәдени құндылықтар мен дәстүрді байланыстырушы басты құрал болып табылады. Сондай-ақ қазіргі таңда әртүрлі жанрдағы бағдарламалар қатарын толықтырып, дамытып отыр. Бірақ та жаңалықтар қызметіне баса назар аударылған. Телеарнадағы ақпарат таратудың басты қағидаттары – жеделдік, эксклюзивтік, нақты әрі әділ ақпарат тарату. Еліміздің басты ұлттық телеарнасы бүгінде қазақ және орыс тілдерінде хабар таратады. Телеарнаның негізгі бағыты – мемлекеттік ақпараттық саясатты дамыту. Агенттік өзінің төл туындыларынан басқа, әріптестік келісім негізінде әлемдегі басты ақпараттық агенттіктердің өнімдерін қолданады. Бүгінде «Хабар» телеарнасында ақпараттық-отбасылық тұрпаттағы 39 бағдарлама қазақ және орыс тілдерінде эфирге шығуда.


Мекен-жай:

Е-mail: khabar@khabar.kz

Web сайт: www.khabar.kz
Байланыстар:

Астана

«Хабар» Агенттігі» АҚ
Сарыарқа даңғылы, 30
Тел. +7 (7172) 701 001

Алматы

«Хабар» Агенттігі» АҚ А

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат