Қазақстан

«Қазақстан» Ұлттық арнасы Республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясы АҚ құрамында кіреді. Отандық телевизияның алғашқы қарлығашы ретінде 1958 жылы ірге көтерген телеарна алғашында 5 сағаттық хабар тарата бастаған. Техникалық әлеуеті жыл сайын ұлғайған телеарна 1987 жылы телетаратылым бойынша одақтас республикалар ішінде төртінші, көркем және деректі фильмдер өндірісі бойынша екінші орынды иеленді.

Бүгінгі таңда еліміздегі ең ірі медиа құрылым болып табылады. Телеарнаның техникалық әлеуеті Республика аумағының 100 пайызына жуық аумағына, көршілес Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Моңғолия және Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы өңірлеріне хабар таратуға мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ, заманауи телетаратылымның барлық талаптарына жауап береді. Қазіргі заманғы ең үздік құрылғылар техникалық аса күрделі тікелей трансляцияларды жүргізуге де зор мүмкіндік туғызып келеді. Мәселен, Мемлекет басшысының елдің барлық облыстарымен жүргізген телекөпірлері немесе әскери мерекелік парадтар,  НАТО Саммиті, ЕҚЫҰ елдері-қатысушылары Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі, дүбірлі Азиада сияқты көптеген шаралар Ұлттық телеарнаның толықтай техникалық қолдауы арқылы өткізілді.


Мекен-жай:

Е-mail: cont@kaztv.kz


Web сайт: www.kaztrk.kz
Байланыстар:


010000, Қазақстан Республикасы
Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 
Байланыс телефондары: +7 (7172) 55-33-35; 55-33-44  


+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат