"Білім" телеарнасы

«Білім» телеарнасы ­ – қалың көпшілікке арналған оқыту ағартушылық телеарна болып табылады. Көрермені – мектеп оқушылары, талапкерлер, педагогтер, ата-аналар, сонымен қатар, жас ерекшелігі мен әлеуметтік жағдайы әр түрлі бола тұра, білім алғысы келген  қауым.

Тұңғыш «Білім» атты қазақстандық танымдық арна сандық телетарату ұлттық бағдарламасы аясында арнайы ашылды. Телеарнаның басты межесі ағарту мәселелерінің оңтайлы шешім табуы, ғылымды насихаттау, сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен ғылымның басым салаларына мүмкіндігінше дарынды адамдарды тарту болып табылады.

«Білім» арнасы білім және ғылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудағы, еліміздің әлеуметтік жаңаруы мен Жалпы Еңбек қоғамын қалыптастырудағы  маңызды құрал болмақ.    


Байланыстар:

«Бiлiм» арнасы «Хабар» Агенттігі» АҚ

Қазақстан Республикасы

010000, Астана қ-сы, Есіл ауданы, Қонаев көшесі, 4

«Қазмедиа Орталығы» ғимараты;

Байланыс телефондары: +7 (7172) 553 461


+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат