Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

Мәдениет

«Мәдениет» телеарнасы – Қазақстандағы мәдени-танымдық бағытта хабар тарататын алғашқы арна. Қазақстандық көрермендерге отандық және әлемдік мәдениет жауһарларын кеңінен таныстыратын бұл арна 2011 жылдың 26 қыркүйегінде «Қазақстан» РТРК АҚ жанынан ашылып отыр. Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын сақтау, тілдік ортаны дамыту, рухани құндылықтарды насихаттау, көрерменнің талғамын көтеру және жан-жақты дүниетанымын арттыру бағытында әзірленген отандық және шетелдік үздік телехабарлар мен деректі фильмдерді қалың көпшілік назарына ұсыну басты мақсаты болып табылады. «Мәдениет», «Ретро» және «Тарих» сияқты үш арнаны тоғыстыра отырып, ұлттық мәдениет пен ұлттық құндылықтарды насихаттауды басты назарда ұстайды. Мұрағат бағдарламалары мен шетелдік өнімдердің үздік үлгілерін ұсына отырып, эфир уақытының 30%-ын алып отыратын қазіргі заман талабына сай форматта жасалатын ток-шоу, телевизияға арналған музыкалық және драмалық қойылымдар, деректі және көркем фильмдер, телехикаялар, түрлі жанрдағы арнайы жобаларды әзірлемек. Бұл бағдарламалар көпшілік көрерменнің дүниетанымын кеңейте отырып, мәдениеттің рухани қазынасынан сусындауға, қазақ елінің өнегелік құндылықтарын дәріптеп, соның қадір-қасиетін ұғынып, сақтай білуге мүмкіндік береді. «Мәдениет» телеарнасын спутниктік, кабельдік және Интернет желілерінің пайдаланушылары көре алады.

Мекен-жай:

010000
Аcтана қаласы
Қонаев көшесі, 4 үй

Web сайт: madeniet.kaztrk.kz
Байланыстар:

Байланыс телефоны: +7 (7127) 55-32-89

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ