«24 KZ» телеарнасы

«24 KZ» – Қазақстандағы алғашқы тәулік бойы жаңалықтар тарататын телеарна. Ол 2012 жылы қыркүйектің 1-інде сағат 00:00-де эфирге шықты. Алғашқы кезеңдерде хабар тарату ел аумағын «Отау ТВ» сандық және жерсерік теледидардың ұлттық желісі арқылықамтамасыз етілді. Бүгінгі таңда «24 KZ» арнасы «ID TV» сандық теледидар жүйесі мен әртүрлі кабельдік желілер арқылы таратылып келуде.

«24 KZ» арнасы өзінің екі айлық көрсетілімі барысында «Жаңалықтар» бағдарламасының 3200 шығарылымын және осыдан екі есе артық ақпараттық-талдамалы бағдарламалардың көрсетілімін эфирге жіберді. Бұл экономика, әлеуметтік сала, автокөлік, кәсіпкерлік, индустриалдық-инновациялық саясат, мәдениетті өмір және т.б. жаңалықтарды қамтиды. Эфирге 32 төлтума бағдарламасы шығарылып отыр. Сонымен қатар тағы 20 тележоба эфирге көрсетілуге дайындық үстінде.


Мекен-жай:

e-mail: 24kz@khabar.kz


Web сайт: www.24.kz
Байланыстар:

"Хабар" Агенттігі" АҚ

Қазақстан  Республикасы

010000, Астана, Есіл ауданы, Қонаев көшесі, 4

«Қазмедиа Орталығы»;
телефон: +7(7172) 553 445;


+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат