«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Маңғыстау мен Атырау облыстарындағы құрлық бетіндегі 44 мұнай-газ кен орындарының меншік иесі болып табылады.

Кен орындарының жалпы аумағы 837,4 км² құрайды. Компанияның өндірістік бөлімшелері 90 жылдан астам қызмет істеп келеді, ал мамандар терең білім мен бай тәжірибеге ие.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын мұнай тасымалының 65%, газ тасымалының 100%, танкерлік тасымалдың 50% қамтамасыз етеді. Құбыр желісімен мұнай тасымалын «ҚазТрансОйл» АҚ, газ тасымалын «ҚазТрансГаз» АҚ, танкерлік тасымалдарды «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» жүзеге асырады.

Компания Қазақстан аумағындағы негізгі мұнай өңдеу активтерін басқарады («Атырау МӨЗ» ЖШС, «ПетроКазахстанОйл Продактс» ЖШС; «Павлодарский МӨЗ» ЖШС), сондай-ақ Румыниядағы мұнай өңдеу зауыттарына ие.

Мекен-жай:

010000,    Астана  
Қабанбай батыр даңғылы,  19 

Web сайт: www.kmg.kz
Байланыстар:

Телефон: +7 (7172) 97 60 00, 97 60 01 
Е-mail: Astana@kmg.kz 

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат