Top.Mail.Ru

Айнара Байжан сұрағы (Strategy2050):

Қ. Тоқаев Жолдауда спорт клубтарын қыржыландырудың қажеті жоқ. Бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және әрине балалар спортына басымдық беру керек деді. Балалардың спортпен айналысуына бюджеттен қаржы бөліне ма? Балаларға арналған спорт секциялары неге қымбат? Спортқа қабілеті бар бірақ ақшасы жоқ балалар не істейді?

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауабы:

Спорттық секциялар бұқаралық спорт пен спорттың резервтің дамуы үшін бағытталған. Бұл өз кезегінде, Дене шынықтыру және спорт туралы заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде, тиісінше жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылған. Ол жерде тегін және ақылы секциялар қарастырылған.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің есебіне сүйенсек, республикада 1 152 401 не 36 пайыз оқушыларды қамтыған, мектептерде жүргізілетін 39 мыңнан астам спорттық сециялар бар,олардың 2560 – ақылы, 36 880 секция тегін жүргізіледі.

Want to be always up to date with all the briefings?
Subscribe to our телеграммадағы арна!