Асылбек Данияр сұрағы («ASTANA TV» телеарнасы): Жағдайы ауыр 406 науқастың ішінде қанша бала бар? Осы күнге дейін қанша бала коронавирус пен қанша бала пневмониямен ауырды? Өлім жағдайы тіркелді ме?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауабы:

Дәрілік заттарды сапалы жоспарлау және сатып алу бойынша мынадай шаралар қабылданды:

-Сертификаттау рәсімі 1 айдан 3 күнге дейін, жаңа препараттарды тіркеу мерзімі 6 айдан 2 айға дейін қысқарды.

-Амбулаторлық дәрілік қамту тізімі кеңейтілді. 8,6 миллиард теңгеге 1 миллион адамға шақталған 5 түрлі дәрінің нозологиясы енгізілді.

-Қазақстандағы медициналық мекемелер 1 айға жететін препараттар қорымен қамтылды.

-«СК-Фармация» базасында республикалық тұрақтандыру қоры және бұдан бөлек өңірлік 11 тұрақтандыру қоры құрылды.
-1,2 миллион диагностикалық сынақ есептілді. 59 мемлекеттік және жеке зертханалар іске қосылды.

-тестілеудің қуатын 1 қыркүйекке дейін тәулігіне 64 мыңға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Індеттің екінші толқынына дайындық жөніндегі шаралар: -медициналық ұйымдар 1958 өкпені жасанды желдету аппараттарымен қамтылды. Қосымша 2 578 аппаратсатып алынады. Оның ішінде 1 500 отандық тауар өндірушілерден. 23 890 төсек-орын оттегімен, оның ішінде 13 153-і оттек концентраторы арқылы қамтамасыз етіледі. Қазан айына дейін медициналық ұйымдарды рентген аппараттарымен 100% қамтамасыз ету жоспарланған. Бұдан басқа 13 инфекциялық стационар салу жоспарланған. Шұғыл медициналық көмек үшін отандық зауыттан 1 967 санитарлық көлік сатып алынды. Қосымша тағы 360 көлік сатып алынады.