Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (бұдан әрі - ҚР ДСМ ТКҚС мен ҚБК) өзінің 2019 жылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыс нәтижелерін қорытындылады.

Іс-шараға ҚР ДСМ ТКҚС мен ҚБК төрайымы Людмила БЮРАБЕКОВА, «СҚ-Фармация» ЖШС басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Берік ШӘРІП қатысты.

«Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасы бойынша құрылды. Комитет қызметі бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласындағы бұзушылықтарға жол бермеу, еліміздің азаматтарының денсаулығын қорғау мақсатындағы алдын алу іс-шараларына бағытталған» - деп бастады сөзін ҚР ДСМ ТКҚС мен ҚБК төрайымы Людмила Бюрабекова.

Ол, сонымен қатар, Комитет құрылымының жалпы штаттық саны 4688 адам болатын 22 орталық аппарат басқармасынан, 18 аумақтық департаменттен және 232 аудандық басқармадан, сондай-ақ 7328 адамдық штаты бар 2 ведомстволық бағынысты ұйымнан тұратынын баяндады.

Комитеттің Ұлттық сараптау орталығы 16 филиалға, 183 қалалық және аудандық бөлімшеге иелік ете отырып, республиканың бүкіл аумағын қамтиды.

Ай сайын бүкіл республика бойынша ҰСО-ның 7 мыңға жуық маманы шамамен 7,2 млн зерттеу жүргізіп, аспаптық өлшеулер өткізеді.

Қызметкерлердің тиімді жұмысының арқасында тұрғылықты халықтың денсаулығына қатер төндіретін талапқа сай келмейтін өнімдер дер мезгілінде анықталады.

Сонымен, өнім қауіпсіздігіне ай сайын өткізілетін мониторинг шеңберінде бақылау мақсатындағы сатып алу халық тұтынатын 32 мыңнан астам тағам өнімдері мен тауарларды қамтыды, оның 19,6% техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес болмады, 2018 жылы осы көрсеткіш 28,3% құрады.

Жалпы алғанда, мониторинг шеңберіндегі іріктеуге тағам өнімінің барлық топтары, оның ішінде сүт және ет өнімдері, құс еті, балық өнімі, кондитерлік, аспаздық және нан-тоқаш өнімдері, жемістер мен көкөністер, алкоголь ішімдіктері және алкогольсіз сусындар және т.б. барынша қамтылды.

Сонымен, мониторинг шеңберінде сауда объектілерінде фальсификацияланған сары май, шұжық өнімдері, ет қалбырлары мен басқа тағам өнімдерін өткізу деректері анықталды.

2019 жылғы бірінші жартыжылдықта анықталған бұзушылықтар деректері бойынша 1000-нан астам есептік жазылымдар берілді, 38 млн. теңгеден көп сомада айыппұлдар салынды. Айналымнан 16 млн. теңгеден аса сомадағы 29 тонна қауіпті тағам өнімі алып тасталды, - деп атап өтті Комитет төрайымы.

ҚР ДСМ ТКҚС мен ҚБК сарапшылары 1556 ойыншық үлгісін зерттеді, оның 60 пайызын құрайтын 916-дан астам ойыншық балалар денсаулығына қауіпті болып шықты. Басым көпшілік жағдайда ойыншықтар Қытайдан (73,2 пайыз) және Түркиядан (26,4 пайыз) әкелінген. Сатылымнан 332 кг ойыншықтан көбі алынып тасталды.

Сонымен қатар, Комитет барлық дәрі-дәрмек бағаларын реттеу, дәрілерді рецепт арқылы босату шараларын күшейту және фальсификаттармен күресу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізді. Осындай өзгерістер азаматтар үшін сапалы дәрі-дәрмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал бағаларға реттеу енгізу республиканың бүкіл өңіріндегі бірыңғай баға саясатына жол ашады.

Сонымен бірге, рецептілер жазып беру рәсімдерін және дәріханалардан препараттар алуды оңайлату мақсатында 2020 жылдан бастап Министрліктің ақпараттық жүйелерінде толық электрондық жұмыс үлгісіне ауысу жоспарланады. «Қағазсыз ауруханаларға» көшу шеңберінде қазірдің өзінде жекелеген өңірлер (Қарағанды, Атырау, ШҚО) рецептілер жазып беруді электрондық үлгіге ауыстырды.

Ішкі нарықтағы дәрі-дәрмек айналымын және фальсификаттарды бақылаудың тиімді жүйелі шараларының бірі фармакологиялық қадағалау немесе «сары карталар» деп аталатын хабарламаларды жинау болып табылады. Бұл АҚШ пен Еуропалық одақтың жетекші реттеу органдары мақұлдаған және халықаралық ауқымда таралған жүйе болып табылады. Сонымен, 6 ай ішінде 19 препаратты өткізу тоқтатылды, ал 54 дәрілік заттың медициналық қолдану нұсқаулығына жаңа анықталған жағымсыз әсері жөнінде өзгеріс енгізілді.

Осымен қатар, препараттарды рецепт арқылы босату туралы және тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпарат алу үшін Сall-орталық іске қосылды. Сall-орталыққа еліміздің кез келген түкпірінен қысқа 1439 нөмірі бойынша ақысыз қоңырау шалуға болады.

ҚР ТКҚС мен ҚБК Баспасөз қызметі 8 (7172) 74-21-37

Want to be always up to date with all the briefings?
Subscribe to our телеграммадағы арна!

МОН РК:

«Продолжительность учебного года в 1 классах – 33 учебные недели, во 2-11 (12) классах – 34 учебные недели. Занятия, выпавшие на праздничные дни, переносятся на следующие дни с учетом интеграции содержания учебных программ за счет часов, отведенных на повторение»

Министр культуры и спорта Республики Казахстан Актоты Раимкулова:

«В каждом своем Послании народу Елбасы Нурсултан Назарбаев всегда говорил о том, что спорт имеет важное значение не только в жизни человека, но и всего общества. Как отметил Первый Президент, до 2020 года 30% населения Казахстана должны быть вовлечены в массовый спорт. Действительно, спорт сближает не только людей, но и укрепляет дружбу между целыми государствами. Мы должны помнить и об этом»

52 млн тонн нефти добыто в Казахстане

9 813 заявок одобрено на предоставление займа по программе «7-20-25»