Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай «Түркітілдес елдердің рухани астанасының дамуы және жаңа жобалар» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтті.

Баспасөз-конференциясына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік ОТАРБАЕВ, Түркістан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Нұрдәулет ИСАБЕК, Түркістан облысы әкімінің баспасөз-хатшысы Сәкен ҚАЛҚАМАНОВ қатысты.

2018 жылдың 19 маусымында Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойып, облыс орталығы етіп Түркістан қаласын бекіткен болатын. Осылайша талай ғасыр артқа салып Түркістан тарихи мәртебесін қайта иеленді.

Түркістан – тарихы тереңде жатқан, түркітілдес елдердің рухани астанасы. Киелі қаланы мекен еткен әйгілі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңында исі қазақтың мақтаныштары - 21 хан, 56 батыр, 21 би и 8 сұлтан және жүздеген игі жақсылар жерленген. Осыдан-ақ қазақ елі үшін Түркістанның ерекше құрметке ие екенін білуге болады. Облыс орталығы болғалы арада бір жыл өтті. Бұл уақыт Түркістан үшін аса маңызды кезең болды. Көне шаһар күннен-күнге көркейіп, заманауи келбетке ие болып келеді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық саласы, рухани-мәдени бағытында оң өзгерістер орын алған. Баспасөз-конференциясында сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев мерейтой қарсаңында өткізілетін іс-шаралардың мән-мағынасына тоқталып, шара аясында 46 жоба өткізілетінін айтты.

Мысалы, «Түркістаным - Тұраным» тақырыбында облыстық музейлер мен кітапханаларда дөңгелек үстелдер мен кездесулер, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің кеңейтілген көрме экспозициясы өткізілсе, 12-16 маусым аралығында Түркістан облысының көрікті орындары, түрлі оқиғаларынан сыр шертетін «Ұлы даланың Түркістаны» атты фотоэкспедициясы ұйымдастырылады. Сондай-ақ 13 маусымда «Túrkіstan tórіnde» тақырыбында сұхбат-сырласу кеші ұйымдастырылып, елге танымал спикерлер түрлі тақырыптар бойынша ой қозғайды. Түркістанның дамуы жөніндегі пікірлерін айтады.

Түркістан халқын қуанышқа бөлеп, рухани ләззат сыйлайтын мәдениіс-шаралар легіне тоқталған Түркістан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Нұрдәулет Исабек Түркістан облысының 1 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында «Ордабасы – бірліктің туы» анимациялық фильмінің тұсауы кесілетінін жеткізді. Ұзақтығы 25 минуттық фильммен бірге «Оқсыз оқиғасы», «Түркістан» анимациялық фильмдерінің және «Төле би» кинохикаясы көрерменге жол тартады.

Айта кетсек, 2018 жылы Ордабасы тауындағы үш ел Президенттерінің тарихи кездесуіне және «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығын» құру туралы Елбасы Жарлығының шыққанына 25 жыл толған болатын. Ұлы даланы мекен еткен ұлы тұлғалар мен даналардың ерлігі мен адалдық, данышпандық қасиеттерін баяндайтын «Ордабасы – бірліктің туы» анимациялық фильмін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Түркістан облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Сақ» киностудиясы түсірген болатын.

Жиынды қорытындылаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз-хатшысы Сәкен Қалқаманов баспасөз-конференциясына келген журналистер қауымын 14 маусым күні «Қазмедиа орталығында» өтетін фильмдер тұсаукесеріне және 17 маусым күні Түркістан облысында өтетін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өтетін баспасөз-конференциясына шақырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі:
Телефон: +77750802187 E-mail: press_uko@mail.ru

Want to be always up to date with all the briefings?
Subscribe to our телеграммадағы арна!

Первый заместитель Премьер-Министра - министр финансов РК Алихан Смаилов:

«Если касается только списания потребительских кредитов, то это акция одноразовая, такого мы больше не планируем делать. Что касается в целом социальной поддержки, то да, наша социальная поддержка должна быть направлена на то, чтобы граждане в определенной тяжелой жизненной ситуации могли получить поддержку с тем, чтобы далее трудоустроиться и получать уже стабильные доходы»

Премьер-Министр РК Аскар Мамин:

«С 1 сентября будет дополнительно выделено 5 тыс. целевых образовательных грантов для детей из малообеспеченных и многодетных семей, на 30% повышена стипендия по рабочим специальностям»

52,9 млрд кВт/ч электроэнергии произведено в Казахстане

37,9 млн тонн нефти добыто в Казахстане в I полугодии