Ағымдағы жылдың мамыр айының бірінші онкүндігінде 1 энергоблок, 9 қазандық және 12 турбина жұмыстары аяқталды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің вице-министрі Сұңғат Есімханов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында мәлімдеді.

«Әр түрлі жөндеу сатыларында 6 энергоблокта, 20 қазандық пен 7 турбинада жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2019-2020 жж.күзгі-қысқы кезеңге дайындау үшін энергия кәсіпорындары жалпы ұзындығы 25 426,572 км электр беру желілерін және 4 776 қосалқы станцияларды, РП, ТП жөндеуді жоспарлады», - деді Сұңғат Есімханов.

Ағымдағы жылдың мамыр айының басында 2 315 км электр беру желісіне жөндеу жүргізілді, бұл жыл жоспарынан 5% - ды және 602 қосалқы станцияға немесе жылдық көлемнің 8% - ын құрайды.

«2019 жылы орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын 561 қазандықты жөндеу жоспарланған», - деді ол.

Сонымен қатар, электр станцияларындағы отын қорын бақылау үшін жыл сайын көмір мен мазуттың орташа тәуліктік шығыны бекітілетінін де атап өтті.