ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында мұғалімдерді 55-58 жаста зейнетке шығару туралы ұсынысқа жауап берді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Зейнетке шығу бойынша заңда бекітілген уақыты бар. Біз ұстаздарға осындай құқық беретін болсақ, онда басқа да саланың өкілдері де бұл мәселені қарастыруды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні бұл мәселе талқылану үстінде. Әлі оң шешілді деп айта алмаймыз», - деді ол.

Айта кетсек, мұғалімдер тарапынан түскен ұсыныстардың басым бөлігі зейнетке заңда белгіленген мерзімнен ерте шығару мәселесін қарастыруға бағытталған болатын.