Арыс қалсында болған жарылысқа байланысты ауруханаға түскен 63 науқас емделіп шықты, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«82 науқас стационарлық ауруханаларға жатқызылған болатын. Олардың арасында 14 бала болған, қазіргі уақытта 63 науқас емделіп шықты. Бүгінгі күнде стационарлық емделуде 19 науқас жатыр»,- деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ОКҚ баспасөз маслихатында.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта 15 науқас Түркістан облысындағы ауруханада және 2науқас Алматыда жатыр. Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы Балалар ауруханасында 2 бала емделуде.

«Реанимация бөлімінде 3 адам бар, оның екеуі – бала. Осы 2 бала бойынша жағдайларын бақылап, жасап отырмыз, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр»,- деді Елжан Біртанов.

Айтуынша, Түркістан облысы Арыс қаласындағы жарылысқа байланысты 24 маусым мен 5 шілде аралығында медициналық көмекке 410 адам жүгінген.