«Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК директорының орынбасары Зекен Исмаилов соңғы уақытта кейбір жаңалық сайттарына кіру неліктен қиындық туғызғанын түсіндірді.

«Жаңалық сайттарына қол жетімділік жоқ деп айтыңыз. Біз барлығымыз да баспасөзді оқып, қиындықтар туындайтынын байқаймыз: facebook, twitter. Бұл бізде Қазақстанда жиі болмаса да, кейде болып тұрады. Сізде байланыс операторлары бар. Біз әрдайым байланыс операторларымен жұмыс істейміз және туындаған барлық сұрақтар бойынша жұмыс жасаймыз, сондықтан сұрақтар олар жауапты салаға қатысты болса, байланыс операторының байланыс орталығына хабарласыңыз. Егер ол қандай да бір қауіпсіздік сертификатына байланысты болса, яғни, сертификат орнатпаған адамдарға қолжетімділік бұғатталған болса, біз бірге шешетін боламыз. Кез-келген технологиялық шешімде кемшіліктер бар деген түсінік бар. Қазір апробация процесі жүріп жатыр», - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК директорының орынбасары Зекен Исмаилов.

Зекен Исмаиловтың айтуынша, қауіпсіздік сертификаты шифрланған трафиктің шифрын шешуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл тек онлайн режимде болады.

«Сіздің хат-хабарларыңызды, кіру тарихыңызды, әлеуметтік желілердегі парақшаңызды, жасырын кодтарды ешкім сақтамайды. Заңсыз мазмұнның тізімі бар, ол уәкілетті органдардың ережелерімен, сот шешімдерімен анықталған», - деп түсіндірді З. Исмаилов.