Жыл сайын түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 100 мыңға жуық кәмелетке толмаған полиция органдарына жеткізіледі екен.

Ата-ананың үмітін, ұстаздардың сенімін ақтамағандар қай қоғамда да болған. Бірақ, қайғы-қасіреттің алдын алу үшін не істеу керек? Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев брифинг өткізді.

Спикерлердің айтуынша құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарына «мектеп» полиция инспекторларын бекіту бойынша жұмыс жүргізілген. Олардың штаттық саны 2 мыңнан асқан. Бүгінде «мектеп» полицейлері оқушылар мен олардың ата-аналарымен құқық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, моральдық ахуалды зерттеп, кәмелетке толмағандар арасындағы жанжалдарды оқшаулау бойынша шаралар қабылдайды. Мектеп иннспекторлары жыл сайын оқудан қашқан, ата-аналары оларға тиісті тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етпейтін 1,5 мыңнан астам жасөспірімді анықтаған.

Нәтижесінде, соңғы алты жылда жасөспірімдер қылмысының жыл сайын орташа есеппен 6 % - ға төмендеген.

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев:

"Егер 2013 жылы кәмелетке толмағандар 4 275 қылмыс жасаса, 2018 жылы бұл көрсеткіш үштен бірге, 2 939 қылмысқа дейін төмендеді. Биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша жасөспірімдер жасаған құқық бұзушылықтар 9 %-ды құрады, оның ішінде оқушылар 2 %-ға азайды дегенді алға тартты".

Want to be always up to date with all the briefings?
Subscribe to our телеграммадағы арна!