25 қыркүйекте елордада Жаңартылатын энергия көздері бойынша ІІІ саммит (Renewable Energy Summit 2019) – халықаралық индустриялық алаңы өтеді, оның жұмысына әлемнің түрлі елдерінен 300 астам делегат пен спикерлер қатысады, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Саммиттің мақсаты – жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуын талқылау, сондай-ақ еліміздің және бүкіл әлемдік қоғамдастықтың «жасыл» болашағын» құрудағы үздік идеялар мен тиімді шешеімдерді іске асыру.

Сондай-ақ, жоба Қазақстанға жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобамен жұмыс істейтіндерді, инвесторларды және технология жеткізушілерді, сондай-ақ қарым-қатынас орнату және тәжірибе алмасу үшін бүкіл әлемнен жетекші мамандарды тарту бойынша стратегиялық міндетін шешеді.

Саммит Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры бірлесіп ұйымдастырады.

Іс-шара Kazakhstan Energy Week 2019 (KEW-2019) жобасы шеңберінде өтеді, оны KAZENERGY қауымдастығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен іске асырады.

Қатысушылар Қазақстандағы және әлемдегі жаңартылатын энергетиканың бірқатар стратегиялық маңызды және өзекті мәселелерін талқылайды.

Сондай-ақ, саммит шеңберінде әлеуетті инвестор ЖЭК саласындағы стартап-жобалардың арнайы таныстырады. Қазіргі уақытта қатысушылардың өтінімдерін жинау жүргізіліп жатыр, одан кейін ұйымдастыру комитеті іс-шара шеңберінде жеке әзірлемелерін ұсына алатын ең перспективалы қатысушылардың тізімін жасайды. Осы секцияға қатысуға өтінім беру мерзімі – 1 тамызға дейін. ЖЭК саммитіне қатысуға тіркеу іс-шараның ресми сайтында - resummit.kz жүзеге асырылады.