«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында стратегиялық бағыт жалғасады, деп мәлімдеді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

«Елбасының белгілеп берген стратегиялық бағытын жалғастырып, қоғамдық сананың жаңғыруына жол ашу жұмысы тоқтамайды. Биыл бағдарламаға 2 жыл толды. Осы уақыт аралығында институционалдық нығайту, методикалық қамтамасыз ету, жаңа жобалардың толығуы мен мазмұнның артуы бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Бағдарлама аясында 62 мыңнан аса іс-шара жүзеге асырылды», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2 жылдың ішінде «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасында бүкілхалықтық онлайн дауыс беру арқылы 131 жеңімпаз анықталғанын еске салды.

Сондай-ақ, биылғы жылы жобаның үшінші кезеңі басталатынын да айтып өтті.

«Туған жер» жобасының аясында 2018 жылы елдегі 2 мыңнан аса меценаттың жұмылуымен 2 199 жоба жүзеге асты. Жалпы сомасы 109 миллиард теңгені құрайтын іс-шаралар өткізілді », - деді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар, жоба аясында 27 мектеп, 115 балабақша, 154 мәдени нысан, 41 денсаулық сақтау нысаны және 284 спорт нысаны салынған.

Want to be always up to date with all the briefings?
Subscribe to our телеграммадағы арна!