Мектеп сөмкесін дұрыс таңдау сколиоз, остеохондроз, жарықтың пайда болуы сияқты бірқатар аурулардың негізгі алдын алады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында айтты.

Айтуынша, қатты ортопедиялық арқасы бар сөмкені таңдауға кеңес береміз. Бауы жалпақ болуы керек, тұтқасының ұзындығы реттелуі тиіс, бала оны тек екі бауымен, арқасында ұстауы тиіс, бұл ретте оның белі мен мойнына қысым түспеуі керек.

«Мектеп сөмкесінің көлемі мен салмағы баланың бойы мен жасына сәйкес болуы тиіс және мектеп құралдарынсыз мектеп сөмкесінің салмағы 1 килограмнан аспауы тиіс. Бұл ретте баланың жалпы салмағының ең көп дегенде 10%-ын құрайды, мысалы 1-3 сыныптар – 1,5 -2 кг дейін, 4-5 сыныптар – 2-2,5 кг дейін, 6-7 сыныптар – 3-3,5 кг дейін, 8 -11 (12) сыныптар – 4-4,5 кг дейін»,- деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің өкілдерімен бастауыш сынып балаларының ауыр рюкзакты алып жүру мәселесі талқыланғаннан кейін гигиенистердің ұсынымдары бойынша Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Жұмағуловпен, Сауле Айтпаевамен, Ерсұлтан Бектұрғановпен бірлесіп оқушыларды оқулықтарын, ауысымдық аяқ киімі мен спорттық құралдарын мектепте сақтауға арналған жеке шкафтармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданып жатқанын да айтып өтті.