Қазақстанның барлық электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 21 ГВт-ты құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында айтылды.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік күн энергетикасының белгіленген қуаты 500 ГВт-дан асты. Бір ғана 2018 жылдың ішінде 100 ГВт-дан астам фотоэлектрлік станциялар салынды», - деді «Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ директорлар Кеңесінің төрағасы Нұрлан Қапенов.

Ғаламшарда электр энергиясын өндіру үшін күн энергиясын пайдаланатын 90 ел бар, ал 32 елде 1 ГВт-дан астам күн электр станциялары орнатылғандығын да атап өтті.

«Күн сәулелік электр станциясы белгіленген қуатын 300-ден 500 ГВт-ге дейін арттыру үшін 2 жыл ғана жеткілікті болды. Салыстыру үшін, әлемдегі АЭС-тің белгіленген қуаты шамамен 400 ГВт құрайды. Беделді әлемдік сарапшылар 2019 жылы бүкіл әлемде 129 ГВт фотоэлектрлік күн электр станциялары орнатылатынын болжайды, яғни 2018 жылмен салыстырғанда 29 ГВт-қа артық деген сөз» – деді ол.

Айта кетсек, Жаңғырмалы энергия көздерін соңғы жылдар ішінде Қазақстан энергетикалық кешенді дамыту векторларының бірі ретінде қарыстырауда.

Сонымен қатар, «Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығы» ҚР Премьер-министріне 4 шілдені «ЖЭК қызметкерлері күні» кәсіби мерекесін етіп енгізу туралы ұсыныс білдірмекші.