«Еуроодақ – Қазақстан: медиа әріптестікті нығайту» атты кәсіби халықаралық байқауының нәтижиесінде қазақстандық үш журналист Брюссель және Бішкек қалаларында тағылымдамадан өтуге жолдама алды.

«Байқаудың нәтижесінде Еуропалық Одақ және Қазақстан ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде БАҚ өкілдерінен 47 жұмыс қабылданды. Олардың ішінен байқау ережелері бойынша барлық талаптарға сай 26 өтінім іріктелді. Оның ішінде теледидар, баспа, радио материалдары болды. Қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша үш жеңімпаз Брюссель және Бішкек қалаларында тағылымдамадан өтуге жолдама алды», - деді ҚР Еуропалық Одақ Өкілдігінің баспасөз хатшысы Эльнара Байназарова.

«Хабар 24» телеарнасының тілшісі Алена Горбачева, "Время" газетінің тілшісі Тоғжан Ғани, «Atameken Business» телеарнасының тілшісі Жанна Алпысбаева байқау жеңімпаздары атанды.

"Тағылымдамаға қатысушыларды Еуропалық парламент, ЕО Кеңесі, Еуропалық комиссия, Еуропалық сыртқы істер қызметі және Брюссельде журналист пулы қызметімен таныстыру көзделген", - деп атап өтті Эльнара Байназарова.

Сонымен қатар, байқау нәтижиесінде 5 үміткер анықталып, сертфикаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.