Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммуникациялар қызмтеніде өткен баспасөз маслихатында еліміздің қазіргі криминалдық жағдайына тоқталып өтті.

«Жыл басынан бері елдегі қылмыс 9%-ға , яғни, 110 мыңға дейін азайды. Аса ауыр қылмыс саны 7,7%, орташа қылмыс 12,4% және онша ауыр емес қылмыстар 4,7%-ға қысқарды», - деді Ішкі істер министрі.

Ал кісі өлтіру – 24%, қарақшылық шабуыл – 2%, тонау – 10%, зорлық – 6%, ұрлық – 13%, бұзақылық – 22%-ға аз тіркелген.

Сондай-ақ жасөспірімдер тарапынан қоғамдық орындар (-12%) мен көшелерде (-17%) орын алған қылмыстар (-4,3%), мас күйінде жасалған қылмыстар (-5,7%), атыс қаруын қолданылған қылмыстар (-21,2%-ға) төмендеген.