Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

Cұхбат

17 қаңтар 2017
2017 жылдың басы 2016 жылдың 22 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының экстремизм және терроризммен күрес мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қызу талқылаумен есте қалды. Аталмыш заңға қатысты өз ойымен сарапшы, заң ғылымдарының кандидаты, АҚ «ҚАЗМЗУ Университетінің» Жоғарғы заң мектебінің Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының доценті Әлия Оразбаева бөлісті.
16 қаңтар 2017
Жаңа 2017 жылғы ең өзекті оқиғаның бірі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі болмақ. Шараны әрлеуге тиісті мәдени бағдарлама қазірдің өзінде қызу дайындалуда. «Астана Опера» опера және балет театрының 2017 жылға арналған жоспарлары туралы ORTCOM порталына «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедияров әңгімелеп берді.
5 қаңтар 2017
2016 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандар мен Қазақстан Республикасында ықтиярхаты бар тұлғаларды олардың мүліктерін жария етуіне байланысты амнистиялау туралы» заңына сәйкес, 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталған мүлікті жария ету жөніндегі акция аяқталды.
20 желтоқсан 2016
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыста «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң жобасын және оған қатысты түзетулерді мақұлдады. Мұндай заң жобасын қабылдаудағы негізгі мақсат дактилоскопиялық және геномдық тіркеу негізінде адамның жеке басын растау мен сәйкестендірудің құқықтық негіздерін белгілеу болып табылады.
20 желтоқсан 2016
2016 жылы қазақстандықтар Республика тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Америка Құрама Штаттары Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған үшінші (Түркия мен РФ кейін) ел болды. Құрама Штаттар, 1992 жылдың қаңтар айында Қазақстанда бірінші болып елшілігін ашқан ел. 2009 жылы АҚШ өзінің бас консулдығын ашты. Қазақстан мен АҚШ 25 жыл ішінде қандай сындарлы екіжақты қарым-қатынас орнатқаны туралы ORTCOM.KZ порталына Құрама Штаттардың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол әңгімелеп берді.
20 желтоқсан 2016
7 желтоқсанда Мемлекет басшысы Каспийдегі Қашаған кен орнын іске қосуға рұхсат беріп, бұл әлемдік энергетика саласындағы соңғы 50 жылдағы ең үлкен оқиға деп атады. Қашағанның қорында 4,5-тен 5,5 млрд тоннаға дейін мұнай және 3 трлн текше метрге дейін газ бар деп бағаланады. Сонымен қатар, Қашағанның іске қосылуы экологиядағы өзекті мәселеге де айналды.
24 қараша 2016
Сот сараптамасы — ғылым, техника, өнер және қолөнер саласындағы арнаулы білімді талап ететін арнайы зерттеу. Сарапшы сотқа тергеліп жатқан іс бойынша өз қорытындысын береді. Қазақстанда сарапшылар қорытындысының шамамен 90% айғақтық базаны құрайды. Бұл аталған саланың әділ сот жүйесі үшін маңызының зор екендігін көрсетеді. Бұл «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының заңның билік құруына қатысты бөлігін жүзеге асыруда да аса маңызды. Қазақстандағы сот сараптамасын дамытудың перспективалары мен осы саладағы жеке сектордың қалыптасу жайы туралы ORTCOM.KZ порталына заңгер Бахтияр Ғалымжанов әңгімелеп берді.
24 қараша 2016
23 қарашада ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Халықаралық Олимпиада комитеті тарапынан қазақстандық спортшы Илья Ильинге қатысты қолданылған санкциялар туралы ресми хабарлама алды. Оған сәйкес, Илья Ильиннің 2008 жылғы Бейжіңдегі және 2012 жылғы Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарындағы нәтижелерінің күші жойылып, наградалары кері қайтарылып алынған болатын.
24 қараша 2016
2016 жылдың басынан бері Қазақстанда қоғам мен өкіметтің өзара әрекеттестігінің жаңа формасы – Қоғамдық кеңестер пайда болды. Бұл - қоғамның мемлекеттік істерге ықпал етуіне мүмкіндік беретін, мемлекеттік шешімдердің қабылдануының ашықтығына жағдай жасайтын мемлекеттік емес институттар.
22 қараша 2016
9 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыста ҚҚС-ның шегін төмендету қарастырылған «Салық салу және кедендік әкімшілік мәселелері жөніндегі бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Алайда, «Атамекен» ҰКП басқарған сарапшылар бизнеске салықтық жүктеменің өсуіне қатысты, заң жобасына қарсы шықты.
« Алдыңғы
1 2 ... 9
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ