Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

А. Мырзахметов: «Салық кодексінің философиясын өзгерту керек»

22 қараша 2016

9 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыста ҚҚС-ның шегін төмендету қарастырылған «Салық салу және кедендік әкімшілік мәселелері жөніндегі бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Алайда, «Атамекен» ҰКП басқарған сарапшылар бизнеске салықтық жүктеменің өсуіне қатысты, заң жобасына қарсы шықты.

Бизнес-қауымдастықтың мұндай реакциясының себептері туралы біз «Атамекен» ҰКП Басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметовтен ORTCOM.KZ порталына айтып беруін өтінген едік.

«Біз салық заңдылығына болуы тиіс емес маңызды қиыншылықтарды көріп отырмыз. Көп адам өз бизнесін ашқысы келеді, бірақ бюрократиядан қорқады. Салық кодексінің философиясын өзгерту керек. Ол консультация беріп, көмектесуі, жеңілдетуі тиіс, ал бізде бәрі анағұрлым күрделі. Салықтық қызмет дос-жар аужайда болуы қажет. Салық пен басқа да міндетті төлемдердің 36 түрі бұл өте көп, Салық кодексінде 280 мың сөз бар. Ол барынша қарапайым әрі түсінікті болуы керек. Менің ойымша, біз осылай жасай (әзірлей) аламыз», - деді ол.

Абылай Мырзахметов 2017 жылғы 1 мамырда бизнеске Салық кодексінің жаңа тұжырымдамасы ұсынылады деп сендірді.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ