Cұхбат

Альбина Атен: «Бүгінгі таңда ел келешегінің тізгінін ұстайтын және елімізді әлемдік деңгейге көтеретін ұрпақ тәрбиелеудеміз»

9 ақпан 2017

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық балаларға білім беруде шамадан тыс тапсырмаларды тықпалауды доғару қажеттігін және білім беру жүйесіндегі реформаны қайта қарауды бірнеше рет тапсырған еді.

Елбасы аталған бағдарламаларды тәжірибеге енгізбес бұрын мүдделі жақтардың пікірін міндетті түрде тыңдап, бір шешімге келу керек деп есептейді.

«Отбасым» журналының редакторы, отбасы құндылықтары, отбасы мен әйелдердің мәселелері жөніндегі сарапшысы Альбина Атен отандық білім беру саласындағы өзгерістері туралы өз ойымен ortcom.kz порталы арқылы бөліскен еді.

«Білім және ғылым саласындағы жаңа реформа Қазақстанның әрбір азаматына әсер ететіні сөзсіз. Меніңше, бұл өзгерістер мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде және білім беру ошақтарында, ЖОО-да орын алған мәселелерді реттеуге мүмкіндік берері анық. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, елімізде мектепке дейінгі және білім беру мекемелерде берілетін білімнің сапасы мен деңгейі болашақта білікті де білімді мамандардың қалыптасуына әсер етеді,- деді сарапшы.

Сарапшы Альбина Атеннің ойынша, қазіргі таңда білім беру саласы ел келешегінің тізгінін ұстайтын және елімізді әлемдік деңгейге көтеретін балаларды тәрбиелеп жатыр.

«Жаңа реформа арқылы білім сапасын көтеріп қана қоймай, білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындарындағы алым-салықтардың алдын-алып, мүлдем тоқтату қажет. БҒМ ЖОО –да қамқоршылық кеңес тәжірибесін енгізген еді, аталған кеңестер мектептерде жұмысын бастады. Бұл өте маңызды шешім. Қазіргі уақытта ата-аналар білім беру ошақтарындағы «анаған-мынаған» деген түрлі шараларға ақша беруге мәжбүр. Білім беру саласына енгізілетін жаңа реформа білім саласында ашықтықты қамтамасыз етеді деген сенімдемін»,-деді журналист.

«Министрдің ойымен келіспеуге болмас. Барлығымыздың мақсатымыз бен мүддеміз бір. Бұл өзгерістер білім беру саласында тек оң нәтиже береді деген ойдамын»,-деп өз ойын қорытындылады.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат