Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

Б. Ғалымжанов: «Менің жеке көзқарасым бойынша, сот сараптамасы объективті»

24 қараша 2016

Сот сараптамасығылым, техника, өнер және қолөнер саласындағы арнаулы білімді талап ететін арнайы зерттеу. Сарапшы сотқа тергеліп жатқан іс бойынша өз қорытындысын береді.

Қазақстанда сарапшылар қорытындысының шамамен 90% айғақтық базаны құрайды. Бұл аталған саланың әділ сот жүйесі үшін маңызының зор екендігін көрсетеді. Бұл «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының заңның билік құруына қатысты бөлігін жүзеге асыруда да аса маңызды. Қазақстандағы сот сараптамасын дамытудың перспективалары мен осы саладағы жеке сектордың қалыптасу жайы туралы ORTCOM.KZ порталына заңгер Бахтияр Ғалымжанов әңгімелеп берді.

Бахтияр Қалиқанұлы, сіздің заңгер ретінде үлкен тәжірибеңіз бар, сондықтан да сот сараптамасының қорытындыларымен жиі танысуыңыз заңды. Қалай ойлайсыз, біздің еліміздегі сараптама қаншалықты объективті? Оның нәтижелеріне сыртқы әсерлердің болуы мүмкін бе?

Б.Ғ.: Менің өз жеке тәжірибемнен алатын болсақ, сараптама объективті. Заң бойынша, сараптаманың нәтижелері мен сарапшыларға сырттан ықпал ету мүмкін емес, алайда, іс жүзінде ондай жайттар орын алып жататыны рас.

Мысалы, Сот медицинасы орталығы Алматы филиалының сарапшысы бола жүріп, азаматша А.Громцеваның жүктілігі жайлы жалған сот-медициналық қорытынды берген, сөйтіп ҚР Қылмыстық кодексінің 1-тармағының 420-бабы бойынша кінәлі деп танылып, Алматы қаласының Алмалы аудандық соты үш жылға дейін бас бостандығын шектеген М.Д. Әбуовке қатысты қылмыстық іс әлі көптің есінен шыға қойған жоқ. Сондықтан да, адам факторын назардан тыс қалдыруға болмайды.

Сыбайластық қаупін төмендету үшін «сот сараптамасы саласында бірыңғай ақпараттық жүйе» құру ұсынылды. Бұл сыбайластық қаупін төмендету және сараптама сапасын арттыру жөніндегі мақсатқа жетуге көмектесе ала ма?

Б.Ғ.: Мен бірыңғай ақпараттық жүйе құру туралы тұжырымдамамен таныс емеспін, бірақ кез-келген ақпараттандыруға жақсы қараймын. Сот кабинеті мен Электрондық үкімет құру мысалына қарайтын болсақ, мұндай жаңашылдық бәріміз үшін пайдалы болады деп есептеймін. Бұл сыбайластық қаупін төмендетіп, сараптама сапасын арттыруға ықпал ете ме, айту қиын.

Менің ойымша, сыбайластық қаупін төмендетіп, сараптама сапасын арттыруға ықпал ететін нақты шаралар – бұлар мемлекеттік сарапшылардың еңбек ақысын айтарлықтай көбейтіп, сарапшылардың біліктілігін тұрақты арттыру, аттестацияларды ұдайы жүргізіп отыру, өндірістегі заңсыз, негізсіз, жалған сараптама үшін жауапкершілікті қатайту, жеке сот сараптамалары институтын дамыту және мұндай жұмыстың бәсекелестігін арттыру.

Бүгінгі күні Қазақстанда лицензия бойынша 109 жеке сарапшы жұмыс істейді. Мемлекеттік және жеке сот сарапшыларының арасында қандай да бір нақты айырмашылық бар ма?

Б.Ғ.: Әрине, заң бойынша жеке сарапшының қорытындысы мемлекеттік сарапшының қорытындысымен тең деп танылады, оның үстіне, сарапшының кез-келген қорытындысын сот та зерттеп, бағалауы тиіс. Мемлекеттік немесе жеке сарапшының қорытындысы басқа дәлелдердің және алдын ала белгіленген күштердің алдында қандай да бір артықшылыққа ие бола алмайды, істер бойынша талдау жасауға, салыстыруға және басқа да дәлелдермен бірге бағалауға жатады.

Заң бойынша барлық сарапшылар тең екендігіне қарамастан, сараптамалардың басым көпшілігін мемлекеттік сот сарапшылары жүргізеді. Бұл жеке сот сарапшылар санының аздығына және оларда сараптама жүргізу үшін қажетті ресурстардың жоқтығына да байланысты. Менің білуімше, жақын арада құрылатын Жеке сот сарапшыларының палатасы аталған мәселелерді шешуде оң нәтиже береді.

Қазір Сот сараптамасы орталығының алдына тауарлық белгілер мен тауарлар өндірілетін орындардың атауларын, жолдардың техникалық жай-күйін, ЖКО орнындағы жол жағдайын, сондай-ақ ойын бизнесі объектілері бойынша сараптама өндірісін зерттеу міндеттері қойылған. Мұндай функцияларды Орталыққа беру қаншалықты тиімді деп ойлайсыз?

Б.Ғ.: Мен бұл функциялардың берілуін толығымен қолдаймын. Егер сарапшылар штаты ұлғайтылып, сондай-ақ аталған саладағы бәсекелестік принципін қамтамасыз ету үшін жеке сот сарапшылары институты күшті қарқынмен дамитын болса, бұл функциялардың берілуі Орталық жұмысының негізгі бағыттарына жағымсыз әсер етеді деп ойламаймын.

Сұхбат бергеніңіз үшін рахмет!

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ