Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

Дағдарысқа қызылордалық жауап

17 ақпан 2017

Өңдеу өнеркәсібінің даму қарқынына қарап экономиканың нақты секторларын әртараптандыру жайлы сөз қозғауға болады. Бұл туралы ҚР АКМ Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бейресми кездесуде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев хабарлады.

«Соңғы төрт жылда шикізат емес секторында өндіріс көлемі бізде 52 пайызға өсті, еліміз бойынша көрсеткіш 4 пайызды құрап отыр. Өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі бізде 6 есеге өсті, ал еліміздің көрсеткіші –4 пайыз. Өңдеу секторында жалпы өңірлік өнім 3,5 пайызға көтерілді»,-деді Қырымбек Көшербаев.

Аймақ басшысының мәліметі бойынша өнеркәсіп саласының 64 пайызын мұнай, газ және уран құрайды.

«Бағаның төмендеуінен өндіріс төмендетілді, салық қорына түсім де азайды. 35 пайызға төмендегенмен де осы жағдайдан уақытында шыға білдік. Бюджетке қатысты айтатын болсақ, салық қорының төмендеуіне қарамастан орталық органдар мен Үкіметпен бірлесе қажетті жобаларды іске қосудың арқасында бюджетті бұрынғы деңгейде ұстай алдық»,-деді аймақ басшысы.

Бұған қоса, жұмыссыздар жағдайы 5%-дық болжам бойынша 4,9% шектелген.

Қырымбек Көшербаев мұнай-газ саласында инвестиция көлемі 35-40 пайызға төмендеуінен мұнай саласында қызмет көрсету көлемі айтарлықтай азайды.

«Өз уақытында қаржыландырудың арқасында әлеуметтік мәселелерді шешеміз. Қызылорда облысында былтырғы жылы үйдің кезегінде тұрғандардың 28% үйлі болды. Олар болашаққа үлкен сеніммен қарайды. 20 жұмыс орны ашылды. Осындай қадамдар арқылы біз дағдарыстан шығып отырмы»,-деді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ