Cұхбат

Дәрігер Есжан Қалиев қарапайым емханада ісік ауруымен қалай күресіп жатқандарын баяндады

13 ақпан 2017

Астана қаласының № 9-ші емханасы 2016 жылғы «Денсаулық 2016-2020» мемлекеттік бағдарламаны дамыту аясында ауруды басқару және алдын-алудың біріккен тәсілінің негізінде денсаулық сақтау бойынша жаңа саясатты жүргізе бастаған еді. Бұл туралы емхананың бас дәрігері, хирург-эндоскопист Есжан Қалиев ortcom.kz порталының тілшісіне баяндап берді.

Сіздің емханаңыздың ерекше тәжірибесі немен байланысты, осы жайлы айтып берсеңіз?

Дүниежүзілік стандарттарға сәйкес, бастапқы сатысы дамуындағы ісікті алып тастау және аурудың белгілерін анықтау бойынша қызметтерді көрсетуге дайынбыз. Кейбір ем қабылдаушылардың ауру кезеңінің асқынуын, бірқатарында құсу белгілерінің барын, ал кейбіреулері жағымсыз әсерді өзіне қабылдауға қарсылық білдіретіндерін ескере отырып, біз өз тарапымыздан ем қабылдаушыларды ұйықтату арқылы колоноскопия, эзофагогастродуоденоскопияны жасап, аурудың белгілерін толық анықтай аламыз, яғни, Оңтүстік Кореядағы тәрізді асқазанды, өңеш жолдарын, 12 өңеш түтіктерін және барлық ішектерді тексеріп шығамыз.

Сонымен қатар, емхана медициналық турзимге де дайын, дегенмен ем қабылдаушыларды орналастыру жағы қиын болып отыр. Біз қалалық билік осы мәселеге назар аударып, шешілуіне атсалысады деген сенімдеміз.

№9-ші емхана дәлелді медицинаны қолға алғаны маңызды, неге десеңіз, емханадағы барлық ота жасау әрекеттері видеоға жазылып отырады. Сондай-ақ, ем қабылдаушыларға отадан шыққаны туралы электронды көшірмесі беріледі, осы көшірме арқылы дүниежүзілік мамандарға болмаса отандық дәрігерлерге қаралуларына болады.

Қанша ота жасалынды?

Емханананың жұмыс жасағанына көп уақыт болмаса да, 2015 жылдың шілде айында жұмысын бастағанмен хирургтың есебінде 383 ота, оның ішінде 76 эндоскопиялық ота тіркелген. Тек өткен 2016 жылы емхана 550 скринингтерді жүргізудің арқасында өңеш және асқазандағы ісіктің бастапқы кезеңі анықталып, ота жасалынды.

Ота жасау уақытында ісіктің бастапқы сатысының қалай анықталған жағдайда қандай әрекеттер жасалынатыны, мысалға, жуан ішекте 2 сантиметрлік ісік деотермикалық ілмекпен алынатынын көрсетуге болады.

Астана қаласында денеде жаңадан пайда болған жарыққа (грыжа) ота жасайтын бірнеше емханалар бар, ал, бұрын эндоскопиялық отаны стационарда ғана жасайтын еді.

Мұндай емдеу мекемелерін саусақпен санап айтып берсек: ҚР Президент ісін басқару орталық клиникалық ауруханасы, онкологиялық диспансер, трансплантология Институты және Бірінші қалалық емхана. Тәжірибе көрсеткендей, стационарлық жағдайда осындай тектес ауруларды емдеуді барлық ауруханалар жауапкершілікке ала бермейді.

Скрининг жүргізу арқылы ісіктің бастапқы сатысын анықтайды. Бұл аденоматозты жабысқағы, яғни, 85 пайызды ісік. Және бұл ісіктер бастапқы сатыда анықталады. Ем қабылдаушыларды тіркеуге алып, уақыт өткізбей ота жасалынады.

Емхана жағдайында ауыр қуыстық оталарды жасау идеясы қалай туындады? Емхана жағдайын өзіңіз жақсы білесіз, емдеу кабинеттері мен дәрігерлерге ұзын-сонар кезекке тұру мәселесі бар дегендей.

Мен өз басым хирург-эндоскопистпін және «Денсаулық», «Саламатты Қазақстан» ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың бағдарламасы енгізілгенде мен осы құжаттардың бірден-бір маңызды бағыты – стационардың жүктемесін азайту болып табылатынын ұқтым.

Ем қабылдаушылар кем дегенде 6-7 күн ем алып жатады, мемлекет әр ем қабылдаушының еміне қаражат бөледі, тамақтандырады, ал басқа хирургиялық көмекті қажет ететін ем қабылдаушылар ем қабылдау күнін күтеді болмаса ауруы асқынған адам кезекті күтіп өмірмен қоштасып жатады.

Біз алдын ала есептелген шығыннан бөлек шығындалып жатамыз. Жалпы, ем қабылдаушыларға емхана жағдайында ота жасап, қалыпқа келуі үшін ертерек үйлеріне шығаруға болады. Бұл мемлекеттің шығынын азайтуға әкелетін еді.

Стационар жүктемесінің көптігінен ем қабылдаушылар порталдағы кезекті апталап, айлап, жылдап күтетіні рас. Амбулаториялық хирургия орталығында дәл мұндай кезектер болған емес, ем қабылдаушы біздің емханаға тиісті анализдерді тапсырады да кетеді. Біз негізгі көрсеткіштерге, яғни, қанның ұйығыштығына, протромбиннің индексіне мән береміз. Барлық анализ ойдағыдай болған жағдайда отаға жөнелтіледі. Таңертең ота жасалып, ояту палатасына шығарылады. 4 сағатқа дейін бақылау палатасында ұстап, жүрек қысымы тексеріліп, алдағы үй жағдайында күтіну үшін жақын туғандарына тапсырылады.

Өткен жылдың қараша айында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешовтың ұсынымен Оңтүстік Корея елінде осы ерекше тәсілді қабылдау мақсатында болып қайттым. Іссапар барысында осындай жүктеменің көптігіне қарамастан мақсатты стационардың жұмыс көлемін атқарып жатқанымызға танданыс білдірді. Көп уақыт өткізбей өзімізге қоспалы техниканы енгізіп алдық. Ендігі кезекте, тәжірибене өтіп жатқан барлық хирургтерді өз біліктіліктерін арттыру мақсатында шет елге оқуға жіберу жоспарда. Бұрынғы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың осы жұмысқа аса қызығушылық танытуының арқасында біздің тарапымыздан атқарылған жұмыстар тиісті орнын алады деген сенімдемін.

Басқа емханаға тіркелгенімен, сіздің емханада ота жасалуын қалайтын ем қабылдаушылар алдағы уақытта не істеуі қажет?

Тіркелген емханасынан Амбулаториялық хирургия орталығына жолдама алуы қажет. Содан кейін анализ тапсыруға келе беруіне болады.

Қазіргі таңда қалалық емханаларда заманауи жабдықтармен ота жасау мүмкіндігі Қазақстанның барлық азаматтарына қолжетімді. Мен өз ұжымымды аймақтарға жіберуге дайынмын. Олар сол жерде отандық медицинаның қандай деңгейде қол жеткендерін көрсетеді және тәжірибе алмасуға қол ұшын береді.

Ақпаратты толығымен меңгерген дәрігерлердің арқасында ел азаматтары ем қабылдау үшін шетелге баруды азайтады деген сенімдемін. Азаматтарымыз шетелдегі медицина саласы отандық медицинадан аса артықшылығы жоқ екенін біле бермейтіні өкінішті.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат