Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

ЭЫДҰ - Қазақстанның нарықтық бәсекелестікті дамытудағы жетістіктерін мойындайды

28 қыркүйек 2016

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық даму мәселелерінде ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесіне көп жүгінеді. Бұл мемлекеттер өз дамуында айтарлықтай табыстарға жеткендіктен, олардың жекелеген үлгілерін Қазақстанда да қолдануға болады.

ЭЫДҰ нормаларының Қазақстанда қалай енгізіліп жатқандығы туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлімдеді.

«Біздің бүгінгі мақсатымыз – ЭЫДҰ-ның бәсекелестік мәселелеріндегі принциптері мен стандарттарына сай болу. Бұл - елдің тауарлық нарығында бизнес үшін барынша жетілдірілген жағдай жасауды білдіреді», - деді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин.

Және бұл бағыттағы бірінші жұмыс нәтижелері қазірдің өзінде бар – осы жылдың 17 маусымында Қазақстан ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік жөніндегі комитетіне қабылданды. Спикердің пікірінше, бұл еліміздің монополияға қарсы саладағы табысын мойындау болып табылады.

«Қазақстанда бизнестің жұмысын оңайлатуға, оны дамытып және интеграция жағдайына бейімдеуге бағыттылған заңдарды шоғырландырудың ауқымды жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен жылы біздің комитеттің жұмыс тұжырымын өзгерту бойынша монополияға қарсы заңдылыққа түзетулер енгізілген болатын», - деді сарапшы.

ТМРжБҚК жұмыс практикасын жайлы айтар болсақ, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштері бойынша, Қазақстан бәсекелестік саласында едәуір алға жылжығанын атап өту керек.

«Егер 2014 және 2015 жылдардың көрсеткіштерін салыстырар болсақ, біздің еліміздің нарықтарды монополияландыру деңгейі бойынша 11 пунктке (68 орын), жергілікті бәсекелестіктің қарқындылығы бойынша 17 позицияға (94 орын) және монополияға қарсы саясаттың тиімділігі бойынша 26 пунктке (68 орын) көтерілгенін көреміз», - деді Серік Жұманғарин.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ