Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

И. Ильин: «Халықтың қолдауымен өз-өзімді ұстаудамын»»

24 қараша 2016

23 қарашада ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Халықаралық Олимпиада комитеті тарапынан қазақстандық спортшы Илья Ильинге қатысты қолданылған санкциялар туралы ресми хабарлама алды.

Оған сәйкес, Илья Ильиннің 2008 жылғы Бейжіңдегі және 2012 жылғы Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарындағы нәтижелерінің күші жойылып, наградалары кері қайтарылып алынған болатын.

Илья Ильин болған жайттың себептері мен алдағы күнгі жоспарлары туралы және жалпы қазіргі күнгі өзінің көңіл-күйі жайлы ORTCOM.KZ порталына әңгімелеп берді.

"Мен сайыс алаңында ешқашан жеңілмегендіктен және халық мені қолдап, біз сенімен біргеміз дегендері үшін ғана өз-өзімді ұстап отырмын. Менің жеңістерімді көргендердің бәрі олардың қандай қиындықпен келгенін түсінеді. Маған қолдау көрсетіп, сенім білдергендердің бәріне алғыс айтқым келеді. Мен тірімін, сондықтан бәрі әлі алда деп ойлаймын. Қалай болғанда да, әлі талай жеңістерге жетермін, тіпті жеке өз өмірімде болса да. Қазір мен есеңгіреген, күйзелісті халдемін", - деді ол.

Сонымен қатар, зілтемірші: «егер мемлекет алам десе –пәтерді де, машинаны да бәрін де ала берсін. Менің отбасым бар, жиған-тергенім бар. Бірақ, өте ренішті. Адамға өте ауыр тиеді екен», - деген ойын да жеткізді.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ