Cұхбат

Жамбыл Сұрағанов: ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті алу едәуір жеңілдетілді

27 наурыз 2017

"Қосылған құн салығы бойынша салық төлеушіні есепке қою рәсімін жеңілдету мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті Салық Кодексіне түзетулер енгізді. Ендігі кезекте онлайн режимінде бір күн ішінде ҚҚС бойынша тіркеу есебін іске асыруға мүмкіндік алады. Бұл туралы ortcom.kz порталына ҚР ҚМ МКК Даму және үйлестіру департаменті директорының міндетін атқарушы Жамбыл Сұрағанов хабарлады.

«Осы уақытқа дейін қосылған құн салығы бойынша салық төлеушіні есепке қою рәсімі 5 жұмыс күніне дейін созылатын еді, бұдан өзге заңды тұлға ретінде тексеріске алынатын. Сондай-ақ, ҚҚС бойынша есепке тұру туралы куәлікті алу алдында мемлекеттік кірістер қызметкерлері мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен құралған арнайы комиссиясы сұхбаттасу жүргізіліп, заңды тұлғаның басшысы суретке түсірілетін»,-деді спикер.

Жамбыл Сұрағановтың айтуынша, заңды тұлғаны ҚҚС бойынша есепке қою рәсімінің мерзімін қысқарту туралы ереже енгізілгеннен кейін мемлекеттік кірістер органына құжат тапсыру қажет етілмейді. Тіркелу онлайн режимінде жүргізіледі.

Осылайша, мемлекеттік кірістер органы клиентке бағдарланған стратегияға көшіп, жаңа ақпараттық жүйені қолданып, орын алған әкімшілік кедергілерді жойды.

Нәтижесінде, 2017 жылдың 1 мамырынан бастап ҚҚС бойынша салық өтінішін электронды түрде бере алады (салық төлеушінің кабинетіне кіру арқылы); әділет органын хабарландыру негізінде заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуде ҚҚС төлеуші ретінде тіркеледі; 1 күннен 5 жұмыс күніне дейін мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі өзгертіледі; ҚҚС бойынша есепке қою уақытын анықтау өзгертіледі; ҚҚС бойынша есепке қоюдан бас тарту негізі жеделдетіледі.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат