Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

М. Башимов: «Қоғамдық кеңестердің жұмыстары ЭЫДҰ стандарттарына бағытталған»

24 қараша 2016

2016 жылдың басынан бері Қазақстанда қоғам мен өкіметтің өзара әрекеттестігінің жаңа формасы – Қоғамдық кеңестер пайда болды. Бұл - қоғамның мемлекеттік істерге ықпал етуіне мүмкіндік беретін, мемлекеттік шешімдердің қабылдануының ашықтығына жағдай жасайтын мемлекеттік емес институттар.

Еуропалық құқық және адам құқығы сараптамалық институтының директоры Марат Башимовтан қоғамдық кеңестердің өткен кезеңдердегі жұмыстары туралы ORTCOM.KZ порталына айтып беруін өтінген едік.

«Қазіргі күні елімізде 225 Қоғамдық кеңес құрылған. Олар қоғамдық бақылаудың мемлекеттік органдар басшыларының жұмыстары, маңызды жобалардың функцияларына қоғамдық сараптама жасау және жаңа бірлестіктердің рөлі туралы баяндамасын тыңдау сияқты формаларын қолданады. Қоғамдағы және өңірдегі түрлі оқиғаларға уақытылы, тиімді көзқарас білдіру, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерге сараптама жасау, әлеуметтік-маңызды мәселелер бойынша қоғамдық тыңдаулар өте маңызды болып табылады. Өзара әрекеттестік тетігі іске қосылды деуге болады. Нормативтік-құқықтық актілерге сараптамалар жасалып, БАҚ-та және мемлекеттік органдарда және т.б. сөздер сөйленеді. Заңда Қоғамдық кеңестер жылына кем дегенде екі рет кездеседі делінген. Әрине, екі рет – бұл өте аз. Ешқандай тиімділік болмайды. Дұрысы екі айда бір рет және қажеттілік бойынша кездесу», - деді ол.

Институт директорының айтуынша, Қоғамдық кеңестер кез-келген өркениетті елдердегі сияқты азаматтық қоғамның рөлін арттырады.

«Мысалы, ҚР СІМ-нің Қоғамдық кеңесіне азаматтық қоғамның беделді өкілдері шақырылған. Бұл институттар қоғамның мемлекет істеріне ықпал етуіне жағдай жасап, мемлекеттік шешімдердің қабылдануының ашықтығын арттыратын консультативтік-мәжілістік, қадағалау органы ретінде жұмыс істейді. Және бұл жұмыстар ЭЫДҰ-ның стандарттарына бағытталған», - деп атап өтті Марат Башимов.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ