Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

М. Мырзағалиев: «Қашаған кен орнындағы барлық жұмыстар қауіпсіз түрде орындалды»

20 желтоқсан 2016

7 желтоқсанда Мемлекет басшысы Каспийдегі Қашаған кен орнын іске қосуға рұхсат беріп, бұл әлемдік энергетика саласындағы соңғы 50 жылдағы ең үлкен оқиға деп атады. Қашағанның қорында 4,5-тен 5,5 млрд тоннаға дейін мұнай және 3 трлн текше метрге дейін газ бар деп бағаланады. Сонымен қатар, Қашағанның іске қосылуы экологиядағы өзекті мәселеге де айналды.

Қайраңда мұнай өндірудің қоршаған орта үшін қаншалықты қауіпсіз екендігі жайлы ORTCOM.KZ порталына ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев айтып берді.

«Расында да , бұл өте маңызды мәселелердің бірі. Қашаған кен орнындағы жұмыстардың барлығы қауіпсіз түрде және еңбекті пен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі барлық талаптарды сақтай отырып орындалды. Қазақстан Республикасы Қашағанның сәтті іске қосылуына және мұнай өндіру қарқынының артуына қанағаттанушылық танытуда», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, Қашағанды игеру барысында алдыңғы қатарлы технологиялар мен ең қатаң стандарттар қолданылуда. Әр бизнес-шешім денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды тыңғылықты бағалаудан кейін ғана барып қабылданады. Атырау облысындағы ауа сапасына мониторинг жасайтын 20 заманауи станция атмосфералық ауадағы түрлі қоспаларды өлшеп, метеорологиялық ақпарларды жинайды.

Тәулік бойы жұмыс істейтін 4 станция «Болашақ» МмГКДҚ-ы қарауындағы аймақтың (санитарлық-қорғау аймағы) периметрі бойынша орналасқан; тағы да 7 станция Доссор мен Мақатты қоса алғанда, жақын маңдағы аудандарда; ал 9 станция тікелей Атырау қаласында орналасқан.

Мемлекеттік метеорологиялық агенттік («Қазгидромет») атмосфералық ауаның сапасы туралы мәліметтерге мониторинг жүргізіп, қорытынды ақпарларды ай сайын НКОК тарапынан (CO, SO2, H2S, NO және NO2 үшін) өзінің веб-сайтында жариялайды.

«Ең бастысы – адамдардың қауіпсіздігі және сапалы әрі сенімді құрылғыларды жобалау және салу, сондай-ақ оларды тиімді пайдалану арқылы қоршаған ортаны қорғау. Сонымен қатар, мұнай-газ кен орындарын игеру мен өнім өндіруде болуы мүмкін қауіп-қатерді ескере отырып, Атырау қаласында және Баутинода мұнай төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған топ жұмыс істейді, бұл қажетті құралдар мен қондырғылармен жабдықталған, теңіз құрылғыларында арнайы оқытылған персоналы бар топ», - деп атап өтті вице- министр.

Болуы мүмкін қауіптің алдын алу үшін қоршаған ортаға әсер ұдайы бағаланып, шаралар жоспары түзетіліп отырылады. Бұған қоса, жобада газды жағудан бас тарту мен нөлдік қалдық саясаты жұмыс істейді. Барлық бұрғылау қоқыстары Баутинодағы материалдық-техникалық жабдықтау базасына тақау жерде орналасқан жер үстіндегі бұрғылау қоқысы мен құрамында мұнай бар суды тазартуға арналған қондырғыға тасымалданады.

«Қоршаған ортаға мониторинг жүргізудің кешенді бағдарламасы іске асырылып, оның шеңберінде теңіз нысандарынан мәліметтер жиналады, су құрамы мен су түбіндегі шөгінділердің химиялық құрамы талданады, балықтардың, бентос пен и планктон популяцияларының жай-күйі зерттеледі.

Сондай-ақ жыл сайын құстар мен итбалықтың популяциясы да зерттеліп отырады. Каспий жағалауының экологиясын тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін сезімтал аймақтар картасы әзірленді», - деп түйіндеді сөзін Мағзұм Мырзағалиев.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ