Cұхбат

Отандық киноны қалай көтеруге болады?

2 наурыз 2017

Өркен Кенжебек, «Хабар» Агенттігі Арнайы жобалар қызметінің жетекшісі, блогер

Кино саласы өзге де ақпараттық ресурс тәрізді үш әдіспен жүзеге асырылуы керек, атап айтсақ, жарыққа шығару, ұсыну, көркемдеу. Киноның мәнісі осында. Көркем және ағартушылық, өтпелі, партизандық, арт-хауз форматында кино болады.

Жаңа «Ел арна» арнасы біздің барлық қазақстандық киноларды көрсететініне күмәнім бар. Олай дейтінім, осыдан екі жыл бұрын Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы телеарналардан Эмира Байғазиннің «Уроки гармонии», Әділжан Ержановтың «Хозяева» партизандық киноларын және тағы басқа туындыларды өскелең ұрпаққа көрсетуге қарсылығын білдіріп, қазақтың шынайы өміріне сәйкес келмейтінін алға тартып еді.

Жаңа қазақстандық киноарналарда дәл осындай тыйым болған жағдайда отандық киноны дамыту сәтсіз аяқталатыны сөзсіз.

«Кино туралы» заң әзірленбей, отандық киноны дамытуда қолға алған кез-келген бастама жүзеге аспайды. Кино қалай әзірленеді? Заң болмаса отандық кино қалай қолдау табады? Батыс киноларына қалайша қарсы тұра аламыз? Және батыстың әсерін қалай реттеуге болады? Бұл сауалдарды кейде жиі-жиі қоя бергің келеді.

Естеріңізде болса, Тимур Бекмамбетов қазақстандық киноны көтеруде бағаны арзандатуды ұсынған еді. Үкіметтің отырысында осы және тағы басқа мәселелер бойынша ұсыныстар айтылды, мәселен, Ахан Сатаевтың бағасын сәл қымбаттырақ ету. Меніңше, бұл жерде баға ойыны нарыққа әсер етпейді, бағаның 500 немесе 3000 теңге болғанымен де киноға тұрақты келушілердің саны артылмайтыны да анық.

Оңтүстік Корея, Франция, Жапония елдерінің тәжірибесі басқа жолдармен баруға болатынына көз жеткізеді. 1948 жылдан бері Францияда әр сатылған билеттен ұлттық кино орталығы үшін 11 пайыз ұстап қалады екен. 2015 жылы киноиндустрияның жалпы бюджеті, яғни киноиндустрияда сатылған билеттердің саны 1 млрд 300 млн АҚШ долларын құрады. Сатылған билеттер жиынтығы 143 млн ұлттық кино орталығына аударылған.

60-70 жылдары осы қаражатқа жаңа француз киносын әзірледі және қаражат жаңа тәуелсіз режиссерлерді қалыптастыруға, шет аймақтарда кинотеатрларды ашуға жұмсалды.

Оңтүстік Кореяда дәл осы жүйе қалыптасқан. Ол жақта ұлттық кино қоры әр сатылған билеттен жарты және 3 пайызға дейін ұстайды. Ал, бізде бұл жүйе жоқтың қасы, елімізде ұлттық кино орталығы болмағандықтан біз осындай күй кешудеміз.

Енді Қытайды мысалға алсақ, Қытайда шетел киноларына тыйым салынған. Олар жыл сайын 34 киноға, атап айтсақ, 20 көркем фильмге, 14 3D фильмге ғана рұқсат беріп отыр. Бұдан артық рұқсат етпейді, ал қалғандары отандық өз өнімдері.

Кинотеатрлар саны бойынша Қытай бірінші орында. Бұрын Америка болатын, ендігі кезекте бірінші кинонарығының отаны –Қытай болып отыр. Қытай өз кино желістерінің негізінде голливудтың әртістерін тартуға талпынады. Барлық голливудттық студиялар «34» тізіміне кіруге тырысады. Қытай өзге елдің киноиндустриясын өздерінің мәдениетіне, менталитетіне жұмыс жасауға қалыптастырды. Оларда Мэтт Деймон кытай тарихы мен мәдениетін дәріптейді.

Маған ұнайтыны Оңтүстік Кореяның киноиндустриясы. Оларда бұрын жеңілдік болған еді. Жылына 140 күн бойы Кореяның ұлттық кинолары көрсетілетін еді. Бұл голливудттық киноның таралуына қарсы жасалған шара. Ал, АҚШ болса, Оңтүстік Кореяның кинотуындыларына тыйым салатынын алға тартып сес көрсетті, Оңтүстік Корея болса бұл санды 46 күнге дейін қысқартып тастады.

Жапондық тәжірибе де бар. Ол жақта жылына телевидениенің жалпы уақытының 54 пайызы жапон киноларына арналған. Ал, 46 пайызы өзге фильмдерді көрсетуге бағытталған. Өз киноиндустриясы дамыған елде осындай қорғаныш тетіктері енгізілген. Елімізде Заңымыз бен осы тектес қорғаныш тетіктері де жоқ. Сондықтан, ұлттық кино орталығымыз, билеттер жинағы, голливуд кинолардан қорғанатын тетіктеріміз жоқтың қасы. Оңтүстік Корея тәрізді ұлттық кино күндеріміз де жоқ.

Германияның тәжірибесі маған ұнамайды. 1960 жылдан бері «Германия киносы туралы» Заңы өз күшінде, осы уақыттан бері әр 5 жыл сайын заң қайта қаралып отырады.

Өйткені, кино саласындағы өзгерістер қарқыны күшті. Дегенмен, киноны қайта қараудың алдында қоғамдық талқыға түседі, бұл талқыға мешіт қызметкерлерін де тартады. Неміс қоғамы киноның қалай әзірленгенін, қандай қаражатқа және кімді тарту керектігіне дейін талқылайды. Германияның, Жапонияның, Американың үздік киноларына таңданыс білдіреміз. Бұның барлығы қоғам мен мемлекет арасындағы келісімнің негізінде мемлекеттің қолдауымен киноиндустрия саласы дамуда.

Қазіргі таңда Францияда телеарналардан сериалдар үшін салық ұстайды. Ұлттық кино орталығының жалпы жиыннан да, net.flex онлайн-кинотеатры сайтынан да салық ұстамақшы. Осы сайтқа ақша төлеп, сапасы жоғары кино көруге болады. Франция өз заңдарын жетілдіріп, уақыт келе өзгертіп отырады. Ал, бізде 25 жыл өтсе де өз отандық киномызды қалай қорғайтынымызды бекітіп беретін өз заңымыз да жоқ. Сондықтан, отандық киномыз бір сарынмен дамып келеді.


+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат