Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

Cұхбат

22 қараша 2016
Соңғы кездері БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жас балаларды аяусыз ұрып-соғу түсірілген роликтер пайда болуда. Кадрдан балалардың бетінен ұрып, шашын жұлып, қолын бұрап жатқандарын көруге болады.ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Бәлиева ORTCOM.KZ порталына балаларды қалай қорғау керектігі жөнінде айтып берді.
28 қыркүйек 2016
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанда жоғары технологиялық ғарыш саласы құрылды. ORTCOM.KZ порталына берген сұхбатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыштық комитеттің төрағасы Еркін Шаймағамбетов осындай пікір білдірді.
28 қыркүйек 2016
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық даму мәселелерінде ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесіне көп жүгінеді. Бұл мемлекеттер өз дамуында айтарлықтай табыстарға жеткендіктен, олардың жекелеген үлгілерін Қазақстанда да қолдануға болады. ЭЫДҰ нормаларының Қазақстанда қалай енгізіліп жатқандығы туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлімдеді.
28 қыркүйек 2016
Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы мәселелеріне айырықша көңіл аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың арнайы мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Осы салада мемлекеттік аппарат пен кәсіпкерлер атқаруға тиісті шаралар туралы ORTCOM.KZ порталына берген сұхбатында депутат, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің хатшысы Жексенбай Дүйсебаев мәлімдеді.
29 тамыз 2016
Әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа қарамастан, Қазақстан жаңа жобаларға шетелден ірі инвестициялар тартуды жалғастыруда. Оның үстіне, шикізаттан гөрі өңдеу секторына салым жасау үрдісінің өсіп келе жатқандығы байқалуда. «DeutscheBank AG»-тің Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, ҚР Президенті жанындағы «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі» қауымдастығы басқармасының төрағасы УльфВокурка осындай пікір айтты.
25 тамыз 2016
Қазіргі заманда балаларды жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғау проблемасы күн асқан сайын өткір қойылуда. Мұндай ақпараттар БАҚ-да күн сайын дерлік шығып жатады. Сондықтан да бұл мәселе республиканың құқық қорғау және өкілетті органдарының ұдайы бақылауында. Балаларды қорғау жөнінде қабылданған шаралар мен өскелең ұрпақты зорлық-зомбылықтан қалай қорғау қажеті жайлы Бас прокуратураның Қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына қадағалау жасау департаментінің аға прокуроры Ф.Құпанова айтып өтті.
10 тамыз 2016
Салық және кеден қызметтерін біріктіру мемлекеттік кірістерді бірыңғай басқару проблемасын шешудегі басты себеп болды. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин «ORTCOM.KZ»порталына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.
25 мамыр 2016
Астана экономикалық форумы алаңында WSEC (Washington State Energy Code) «Болашақ энергия көзі: инновациялық сценарий және оны келешекте жүзеге асыру» инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік конгресі өтті. Конгресс талқылау, пікір алмасу және ғылыми инновациялар үшін жаһандық әлемдік алаңға айналды. Қазақстан онда тағы да өзінің инновациялық даму мен «жасыл» экономика қағидаттарын қолдайтынын білдірді.Техника ғылымдарының докторы, Халықаралық инженерлік академия академигі Альберт Болотовтың айтуынша, Қазақстан үшін баламалы энергияның дамуы аса маңызды.«Ел тәуелсіздігін алған күннен бастап Елбасы Қазақстанда табиғи энергетикалық ресурстарды пайдалану мүмкіндігіне баса назар аударды. Үкіметке берген тапсырмаларының бірінде ол баламалы энергетика бойынша жаңа әзірленімдерге көңіл бөлу керектігін атап өткен болатын», - деді ол Конгресс қорытындылары бойынша өткен баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде.
23 мамыр 2016
Ірі қазақстандық жер пайдаланушыларды көпшілікке жария ету қажет. Мұндай ұсынысты саясаттанушы Марат Шибұтов бүгін Астанада өткен жер реформасы жөніндегі Комиссияның екінші отырысы кезінде білдірді. Сөз сөйлеу барысында ол жерді пайдаланудың мөлдірлігін арттыру тәсілін ұсынды.«Менің ойымша, бұл тұрғыда жақсы тетік бар, яғни бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік заңнамасы жұмыс істеуде. 1 бап 7 тармақта көпшілік мүддесі ұйымы секілді анықтама бар. Онда қаржылық ұйымдар, акционерлік қоғамдар, кен орнын пайдаланушылар қамтылған, осы ретте бұлардың арасына 10 мың гектар жері бар ірі жер пайдаланушыларды енгізейік. Олар қаржылық есептілік депозитарийіне қаржылық есептілік берсін, соның арқасында осылай жасайтын мұнай пайдаланушылары мен акционерлік қоғамдар тәрізді онымен бәрі таныса алады. Мәселен, онда егер адамдар шетелдіктерден, 1 мың гектар және одан да жоғары жер телімі бар шетелдік қатысушы жер пайдаланушыларынан секемденетін болса, соларды қосуға болады», - деп тоқталды М.Шибұтов.Сонымен қатар ол қазақстандық жерлердің электронды каталогын құру идеясын қарастыруды ұсынды.«Жерлерді инвентаризациялау туралы көп айтылды. Мен ауыл шаруашылығы министрлігінен Алматы облысы әкімдігінің тәжірибесіне назар аударуын сұрар едім, олар жер ресурстарының электронды каталогын құрып, сайтта көруге болатын барлық жерлерді реттеп қана қоймай, ескерілмей келген 280 мың гектар бос жатқан жерлерді тапты», - деген ұсынысын білдірді М.Шибұтов.
17 мамыр 2016
Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары адамдарға жеке мәселелерін шешуде елеулі көмек көрсетеді, деді ORTCOM.KZ порталына берген сұхбатында белгілі тележүргізуші, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Артур Платонов.«Менің бағдарламаларымды көрсеңіздер, негізінен онда халықтың мәселелері көтерілетінін білесіздер. Ол мәселелер айтарлықтай деңгейде шешімін тауып жатады, сондықтан да бізде адамдардың жеке мәселелерін шешуге жағдай жасалмаған деп айта алмаймын. Кез-келген телеарнамызды қоссаңыз, әкімді сынап жатқанын, біреулерін соттап жатқанын көруге болады», – деді А. Платонов.Сондай-ақ ол отандық БАҚ өкілдері үшін әлі де үйренетін дүниелер бар екенін, соның ішінде, батыстан біраз тәжірибе алуға болатынын жеткізді.«Егер батыстың бұқаралық ақпарат құралдарына назар аударсақ, олардың үнемі мемлекеттің көзқарасын алға қоятынын байқауға болады. Өйткені олар азшылықтың пікіріне көпшілік тәуелді болмайды деген ұстаным ұстанған. Әрине, азшылықтың пікіріне құлақ асады, алайда, көпшіліктің пікірі негізгі болып қалады. Менің ойымша, нәтижелілік тұрғысынан алғанда, батыстың үлгісі тиімдірек, біз үшін әлі де үйренетін дүниелер бар», – деді депутат.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ