Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

«Қазақстан мен АҚШ: Басынан бастап бірге» - Джордж Крол

20 желтоқсан 2016

2016 жылы қазақстандықтар Республика тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Америка Құрама Штаттары Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған үшінші (Түркия мен РФ кейін) ел болды.

Құрама Штаттар, 1992 жылдың қаңтар айында Қазақстанда бірінші болып елшілігін ашқан ел. 2009 жылы АҚШ өзінің бас консулдығын ашты.

Қазақстан мен АҚШ 25 жыл ішінде қандай сындарлы екіжақты қарым-қатынас орнатқаны туралы ORTCOM.KZ порталына Құрама Штаттардың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол әңгімелеп берді.

«Соңғы 25 жыл ішінде Құрама Штаттар мен Қазақстан халықаралық қауымдастық бетпе-бет келген айтарлықтай күрделі жаһандық және өңірлік проблемаларды шешу жолында бірігіп еңбек етті. Біз экономикалық өркендеу мен сауда-саттықты дамытуда, қару-жарақтың барынша қауіпті түрлерінен қорғанысты қамтамасыз етуде, ұйымдасқан қылмыспен күресте, жас ұрпаққа білі беруде және және ғылым мен технология саласында әріптес болып келдік. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін, АҚШ Қазақстанға бірлескен күш-жігерді қолдау үшін 2.1 миллиард АҚШ доллары көлемінде көмек қаржы берді. Өзіміз мақтан ететін бірнеше мысалды келтіріп өтейін:

Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап Құрама Штаттар Қазақстанға әлемдегі ең ірі ядролық полигонды жабу үшін техникалық көмек көрсетіп, 600 килодан астам жоғары деңгейде байытылған уранды тасып шығарып, 1400 бірлік ядролық қаруды Ресейге қайтаруға ат салысты. Қазақстан мен АҚШ арасындағы ядролық апат қаупін қысқартуға арналған күрестегі ынтымақтастық содан бері тоқталған емес. 2015 жылы Құрама Штаттар мен басқа да донорлардың қолдау көрсетуімен Қазақстан Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттікпен аз байытылған уран негізінде отын банкін құру жөніндегі келісімге қол қойды, ол ядролық энергияны бейбіт және заңды мақсатта қолдануды ынталандыратын болады. Қазақстан Иранның атом энергетикасы және оны жүзеге асыру бойынша тарихи келісімге алып келген келіссөздерде маңызды рөл ойнады. 2014 жылдан бастап Қазақстанда 1994 жылы негізі қаланған, бейбіт мақсаттағы ядролық зерттеулерге, сондай-ақ ядролық қаруды таратпауға қолдау көрсететін Халықаралық ғылыми-технологиялық орталық-ұйым жұмыс істей бастады.

Қазақстан да, Құрама Штаттар да қарулы экстремизм қаупімен бетпе-бет келді. 2015 жылдың маусым айында Қазақстанда Оңтүстік және орталық Азия елдерінің қарулы экстремизмге қарсы тұру жөніндегі өңірлік конференциясы өтті. Мұндай Конференциялар, Вашингтон округі мен БҰҰ қоса алғанда, басқа да елдерде өтті. Оларға сарапшылар, мемлекеттердің, азаматтық қоғамның өкілдері жиналып, діни қоқан-лоққы қаупіне қатысты қандай көзқарас болу керектігін талқылады. АстанадағыКонференция Орталық Азия мен одан тыс жерлерде шешуші рөл атқарды. Ол қарулы экстремизмнің алдын алу жөніндегі жаһандық күш-жігерге ірі үлес қосты.

АҚШ инвестициялары ондаған миллиард долларды құрап, Қазақстанда мыңдаған жұмыс орнын құруға, сондай-ақ екі елдегі өмір сүру деңгейін көтеруге ықпал етті. АҚШ-ның компаниялары Қазақстандағы ірі шетелдік инвесторларға айналып, олар негізінен табиғи ресурстар, өндіріс және қызмет көрсету салаларында салым салды. Американдық технологиялар мен тәжірибе Қазақстанның тезірек дамуына және жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоршаған ортаның табиғи сұлулығын сақтауға жағдай жасады. Құрама Штаттар Қазақстанның Дүнимежүзілік Сауда Ұйымына кіруіне қолдау көрсету жөнінде Қазақстан Үкіметімен тығыз өзара әрекеттестікте болды.

Мыңдаған қазақстандықтар білім алу және кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Құрама Штаттарда болды. Жастар АҚШ-ның жоғары оқу орындарында оқып, «Болашақ Көшбасшыларды Алмастыру» бағдарламасы бойынша американдық отбасыларда тұрып, өмір сүруге мүмкіндік алды.Университеттердің бакалавр және магистратура деңгейіндегі студенттері әлемдегі ең үздік американдық университеттерде білім алу үшін «GlobalUGrad» және «Болашақ» сияқты бағдарламаларға қатысты. Мұнда, Қазақстанда, жүздеген американдықтар Қазақстанға үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыруға қолдау көрсету мақсатында ағылшын тілінің оқытуышалары болып еңбек етті.

Сондай-ақ, Құрама Штаттар мен Қазақстан Орталық-Азия өңіріндегі байланыстарды нығайту, оның қауіпсіздігі мен өркендеуін көтеру мақсатында бірлесе жұміс істеп келеді.Біз қазақстандық кәсіпорындарға өңірде әріптестер іздеуге Орталық Азия Сауда Форумы сияқты шара өткізу арқылы көмек көрсеттік. 2015 жылы Мемлекеттік хатшы Джон Керри Орталық Азия елдерінің барлық бес еліне бірдей тарихи сапар жасауы Орталық Азия мен Құрама Штаттар арасында тұрақты үнқатысудың басталуын білдіреді. Бұл үнқатысу өңірде сауда-саттықты, Орталық Азияға ортақ қоршаған ортаны қорғауды және қарулы экстремизммен күрестегі озық тәжірибелерді алмасуды дамытды ынталандырады.

Құрамы Штаттар мен Қазақстан арасындағы әріптестіктің тарихы халықаралық қатынастың тек бір жақ қана жеңуі мүмкін ойын емес екендігін көрсетеді. Біздің өзара қарым-қатынастарымыз – бұл біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында бақуатты әрі қауіпсіз бола түскен отбасылардың, сондай-ақ дүниені түсінудегі көзқарастарын кеңейте түскен жастардың саны.

Біз Қазақстан халқын тәуелсіздіктің мерейтойымен құттықтаймыз және біздің достығымыз бен ынтымақтастығымыз тағы да көптеген жылдарға жалғасады деп үміттенеміз», - деді Джордж Крол.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ