Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

Қазақстанда жоғары технологиялық ғарыш саласы құрылды

28 қыркүйек 2016

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанда жоғары технологиялық ғарыш саласы құрылды. ORTCOM.KZ порталына берген сұхбатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыштық комитеттің төрағасы Еркін Шаймағамбетов осындай пікір білдірді.

«Бұл салада айтарлықтай жұмыстар жасалды. Атап айтсақ, құрамында «КazSat-2» және «KazSat-3» екі ғарыштық аппарат, жер бетілік басқару жиынтығы мен резервтік жер бетілік басқару жиынтығы бар «KazSat» байланыс және хабар тарату ұлттық ғарыштық жүйесін жасау аяқталды. «KazSat-2» аппаратын жалға беру қызметін көрсету есебінен 5 млрд. теңгеден астам сомаға импорт алмастыру іске асырылды. «KazSat-3» іске қосу еліміздің ғарыштық байланысқа деген сұранысын толықтай қанағаттандыруға мүмкіндік берді», - деді сарапшы.

Нәтижесінде, бұл сала мемлекетке кіріс кіргізе бастаған: өткен жылы «KazSat-2» жерсерігін пайдалану есебінен 2,4 млрд. теңге, «KazSat-3» арқылы - 883 млн.теңге алынған болатын.

«KazSat» байланыс және хабар тарату ұлттық ғарыштық жүйесі елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Қазақстанның тіркелген жерсеріктік байланыс арналарына деген сұранысын толықтай дерлік қанағаттандырады, жыл сайын қызмет көрсету импортын 6 млрд. теңгеден астам көлемге дейін төмендетеді», - деп түсіндірді Еркін Шаймағамбетов.

Бұдан басқа, құрамында екі оптикалық ғарыш аппараты бар жерді қашықтан барлау ғарыштық жүйесін жасау да аяқталды. Бұл жүйені іске қосу ауыл шаруашылығы, экология және жер қыртысын пайдалану, геодезия, картография, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздікке қатысты міндеттерді шешуге, қажетті мәліметтерге жедел қол жеткізуге мүмкіндік берді.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ