Cұхбат

Сарапшы: «Астана процесіне Сауд Арабия қатысқан жағдайда келіссөзді жүргізуші тараптар бір ымыраға келер еді»

10 ақпан 2017

Сирия жағдайы бойынша келіссөздер процесі күннен-күнге саяси маңыз алып келеді. Астанада Ресей, Иран, Түркия делегациясы, БҰҰ өкілдігінің қатысуымен алғашқы техникалық кездесу өтті. Бұл кездесуде Сирияда әскери қантөгісті тоқтату тәртібін орындау мәселесі талқыланған еді. Еліміздің астанасында Сирия мәселесі бойынша кездесу екінші рет өтіп отыр.

Осыған орай, ortcom.kz порталы Қазақстандық геосаяси зерттеулер институтының директоры Ізбайыров Асылбекке жақында өткен келіссөздің нәтижесін талдау туралы өз ойын білу үшін байланысқа шыққан еді. Осы жайлы төмендегіше баяндайды:

«Астаналық процесі маңызды кезеңдерге қол жеткізді. Бірінші кезеңде, біз радикалды және қалыпты оппозицияның қайда екенін ажыра алатын жағдайға жеттік. Сириялық қарулы оппозициясы ИШИМ тұлғасындағы сунниттер ретінде және Джебхат ан-Нусра тобы ретінде ұсынылды. Бұл адамдардың келуі нәтижесінде аталған топ тұлғасындағы радикалдар мен қалыпты күштердің барын байқатты»,-деді Ізбайыров.

Дегенмен де, ortcom.kz порталына сұхбат беруші Астана процесі осы екі-үш күнде алты жыл жалғасып келе жатқан соғысты шешіп бере алмайтынын алға тартып, бұл болжамға аса сақтықпен қарау қажеттігін жеткізді. Айта келе, бұл басталған кездесуде қатысушылар бір ымыраға келетінін де жасырмады.

«Бұл келіссөзде қарулы оппозияның түпкі ойынан шықпайтын ұсыныстар да болды. Ашығын айтқанда, келіссөзге Иранның қатысуы еді. Бұл оларды біраз ойландырып та тастады. Сирия шиелінісі суннитер мен шииттер қақтығысымен байланысты. Шииттің негізгі діңгегі – Иран. Қарулы оппозиция өз кезеңінде Сирияда Иранға орын жоқ екенін алға тартты»,- деп сөзін жалғастырды сарапшы.

Асылбек Ізбайыров бұл кездесуге Сауд Арабиясын шақыру арқылы келіссөзде жүргізуші тараптар арасында біраз қолайлы жағдайға қол жеткізуге болатынына сенімді. Сондай-ақ, сарапшы келіссөз процесінде Иордания елінің қатысуының аса маңыздылығы жоқ екенін және бұл елдің ұстанымы әлсіз көрінетінін жасырмады.

«Бұл жағдайда Сауд Арабиясын шақырау маңызды дер едім. Шақырған жағдайда біз біраз жетістікке қол жеткізер едік. Тек осы мемлекет қана қол жеткен мәліметтер бойынша қарулы күштердің өкілдерімен байланыс ұстайды. Бұл өз кезеңінде, ИШИМ өкілдерінің келіссөзде бір ымыраға келу мүмкіндіктері арта түсері анық»,-деді сұхбаттасушы.

Сондай-ақ, Асылбек Ізбасаров шиелінісуші тараптары келіссөзге келу үшін әлі де Астанаға бірнеше рет оралатынын жеткізіп, халықаралық қауымдастық пен БҰҰ астана алаңының тиімділігін жоғары бағалағанын атап өтті.

«Біз осы жағдайдан нақты қорытынды шығардық. Неге десеңіз, біз өз ұстанымымызды нақты жеткіздік, яғни, біздің тарапымыздан тек келіссөз алаңы ұсынылады және процеске қатыспаймыз,- деді сарапшы.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат