Cұхбат

Сарапшы: Таяу Шығыстағы Дональд Трамптың саясаты Қазақстан үшін қызығушылық танытуда

8 ақпан 2017

АҚШ Президенті Дональд Трамп алғашқы күннен президенттік мерзімінде барлығы болуы мүмкін екендігін халықтың алдында көрсетіп, сайлауалды уәделерін орындауға белсене кірісіп кетті. Енді шолу жасасақ, Obamacare қызметін тоқтатып тастады, Транс-Тынық мұхиты әріптестігі ұйымынан шығу туралы қаулыға қол қойды, Мексикамен қабырғалас құрылыстың басталғанын хабарлады, босқындардың келуіне тыйым салды, бұл тек қысқа мерзімде атқарған жұмыстардың бір бөлігі ғана. Осыған байланысты, көкейде бірнеше мынадай сауалдар туындайды, Ақ үйдің жаңа басшысы халыққа берген уәделерінде тұрады ма және орындай ма?. Біз үшін ең басты сауал - америкалық президенттің атқарған жұмыстарының салдары мен нәтижесі Қазақстанға қалай әсер етеді?

Осы сауалдарға жауап іздеу барысында ortcom.kz порталы Тұңғыш президент қоры жанындағы Әлем экономикасы және саясаты институтының қызметкері, ішкі саяси сарапшысы Әсет Ордабаевпен сұхбаттасқан еді.

- Сайлауалды бағдарламаның жүйелі орындалуында біршама саяси астар жатыр. Былай дейтініміз, Дональд Трампты сайлау айналасында біршама сауалдар туындаған еді, Ресейдің араласуы, берілген дауыстың дұрыс есептелмеуі, ішкі республикалық партиялардың өзара бөліну жағдайлары орын алды.

Бұның барлығы президентке сенімсіздік білдіріп отырған бұқаралық ақпарат құралдары мен сарапшылар үшін таптырмас қолайлы жағдай жасауына әкеледі. Мұндай жағдайда Дональд Трамп өзінің сайлау алды шараларына қарсы шыққан қоғамның жоғарғы таптарымен келіссөзге келіп, айналасында орын алған қарсылықтың деңгейін төмендетуіне болатын еді. Бірақ, бұлай жасаған күнде бұл шешім сайлаушылар арасында түсініспеушіліктің туындауына әкеледі.

Трамп бұл стратегияны таңдаған жағдайда және келесі жеңілістерде кез-келген қолдаудан айырылуы орын алғанда, сенімсіздікпен бетпе-бет келіп, шынайы күресер еді.

Дональда Трамптың қай шешімі сіз үшін өткір болды?

- АҚШ-тың жаңа президенті қол қойған қаулыларының ішіндегі ең қызығы Барак Обама әкімшілігінің қолға алған ішкі саяси стратегиясындағы негізгі бастама болып табылатын Транс-Тынық мұхиты әріптестігі ұйымынан шығу болды. АҚШ-тың бұрынғы президенті бұл әріптестік Азия -Тынық мұхиты аймағында Қытай сауда- экономикасының таралуына мұрындық болатынына және АҚШ-тың мүддесіне жауап беретін сауда одақтарының жаңа формасының жасалатынына көп үміт білдірген еді.

Бұл ретте, ішкі әкімшілік американың мүддесіне тікелей қатысты болғандықтан бұл келісімнен шығып отыр деп есептеуде. Дональд Трамп Транс-Тынық мұхиты әріптестігі ұйымын екіжақты сауда келісіммен ауыстыратынына уәде берді. Шындап келгенде, Америка бұған дейін де қолданыстағы сауда Заңдарын жазған еді, және болашақтағы негізсіз дивидентті күтпей-ақ, бұдан барынша пайда табуына болатын еді,

Транс-тынық мұхиты әріптестігі ұйымы үшін бірнеше жұмыс орындарының бір бөлігіне төлеп, бірнеше өнеркәсіп түрлерін жабады делік. Екіжақты форматта Вашингтон өз жағдайы үшін біршама қолайлы жағдайға қол жеткізер еді, себебі, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы әрбір елдер АҚШ-тың экономикалық және саяси әсеріне қарсылық көрсете алмайды. Дегенмен, алдыңғы әкімшілік кеңейтілген сауда келісімдерінде біршама жұмыстарды тегіннен тегін атқармағаны анық. Аймақта «Ерікті сауда аймағы туралы» көпжақты және екіжақты келісімдердің шоғырланғаны жеткілікті еді. Бұл процесте бірыңғай блок тәрізді келісімдерді жасауды бастаған Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы басым бағытта. Қытай өз кезегінде, екіжақты сауда келісімді пайдалана отырып, нақты пайда тапты. Обаманың әкімшілігі Транс-Тынық мұхиты әріптестігі ұйымы арқылы тереңделген сауда бірлестігіне есептеп, сауда-экономикалық байланыстың жаңа форматы үшін фундамент құюға тырысты. Бұл болашақта американың көшбасшылығын қамтамасыз етуі қажет еді және өз сауда бәсекелестігін жоғалтып алуынан қорқатын Қытай тарапына қысым көрсетілуі қажет еді.

Бұл ретте, екіжақты сауда келісім бұрыннан қолданыста бар форманы қолданады, бұл қытай бағытын жібітіп, кво деңгейін нығайтады деген сөз.

Трамптың саясаты мен мүддесі Қазақстанға қалай әсер етеді?

- Қазақстанның нақты қызығушылығын алып қарасақ, біздің ел үшін басты қызығушылық- Таяу Шығыстағы Дональд Трамптың саясаты, нақтырақ айтқанда, Иранмен ядролық келісімнің қайта қаралу мүмкіндігі. Егер бұл болған жағдайда Орталық Азия елдеріне, оның ішінде біздің елге әсер ететіні сөзсіз. Мысал келтіре кетсек, Иран біздің еліміз үшін оңтүстік бағытқа жол бастаушы және Қазақстанның көлік-тасымалдау стратегиясының дамуында бірден-бір маңызды элементі болып табылады.

Иран солтүстік Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдері арқылы Қытайда теміржол құрылысы туралы келісімге келмек. Бұл Қазақстанға бәсекелестік тудыруы мүмкін. Дегенмен, біздің мүддемізге сәйкес Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуына оң әсерін тигізбек.

Дональд Трамп ядролық келісімге қол жеткізбейді деу қиын, өйткені, Иран азаматтарына АҚШ-қа келуіне тыйым салды. Бұдан түйіндейтініміз, бұған дайын болуы қажет. ИШИМ-ді жеңемін деген уәдесін де ұмытпағанымыз жөн. Бұл орындалса Тегеранға көп көмек болуы мүмкін.

Трамптың болжап болмайтын әрекеттері өзіне кері әсерін тигізеді ме?

- Дональд Трампты осы әрекеттері үшін кінәлауға болады, бірақ қатты мән берудің қажеті шамалы. Онымен қойылған барлық қаулылар – бұл сайлауалды уәделерінің бір бөлігі ғана. Бұған сену және сенбеу-әр адамның өз таңдауында. АҚШ-тың жаңа президенті алғашқы қадамын өз мүддесін қорғай білуі мен табандылығы мен батылдығы жақтарын көрсетумен бастады. Дегенмен, кез-келген түсінік уақыт өте келе өзгеруі мүмкін екенін де ұмытпаған жөн.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат