Cұхбат

Төлеубек Әлпиев ЭКСПО-2017 мәдени бағдарламасы аясында өткізілетін шараларды баяндады

20 ақпан 2017

«Астана опера» мемлекеттік опера және балет театры директорының бірінші орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлеубек Әлпиев ortcom.kz порталының тілшісіне Астана ЭКПО-2017 өткізу кезеңінде мәдени-ойын-сауық бағдарламалары туралы баяндады.

- ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу уақытында астана қонақтары мен тұрғындарын қандай тосын сыйлар күтуде?

- «Астана опера» шығармашылық ұжымы театрдың Басты және Камерлық залының сахнасында, сондай-ақ ашық аспан астында 70- тен аса шараларды тамашалауға шақырады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен барлық жобалар өткізіледі.

10-11 маусым аралығында бірқатар шаралар қатары А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» қазақ ұлттық операсымен ашылады. Естеріңізге сала кетсем, «Абай» операсының премьерасы 2015 жылдың 25 қыркүйегінде болды. «Абай» қойылымы – тарихи оқиғаға көркемдік көзқарас тұрғысынан келген қойылым. Бұл қойылым «Астана Опера» шығармашылық театрының жаңа деңгейін, Қазақстандағы опералық өнердің жаңа қадамын көрсетеді. Туындыны түрлендіруге италиялық мамандар, Джанкарлодель Монако (режиссер), Эцио Фриджерио (сценограф), Франка Скуарчапино, Серджио Металли, Виничо Кели (жарық художнигі) атсалысты. Сахнаның безендірілуі мен артистердің киімдері өзгергенімен, музыкалық жанр сол қалпында сақталған.

Дж. Верди «Аида» операсын 15-16 маусым күндері ашық аспан астында көрсетуге бел шештік. 2015 жылы жаз айында Бейбітшілік және келісім сарайы алдында осы спектакль қойылды. Шығармашылық тәжірибеміз жеткілікті, және де қойылым халықтың көңілінен шығады деген ойдамын. Бұл қойылымға әлемге танымал опера әншілері, «Астана Опера» театрының жеке солистері қатысады. Басты партияны қазақстандық опера сахнасының примасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұпар Ғабдуллина шырқайды. Жұпар Ғабдуллинаның шығармашылығы шетел сахнасында құнды және жоғары бағаланған. Опера әншісі дүниежүзілік танымал театр сахналарында бірнеше рет өнерін көрсетіп, халықты тәнті еткен.

- ЭКСПО-17 мәдени бағдарламаларына «Ла Скала» театрының, танымал режиссер Франко Дзеффиреллидің өнерлері де бекітілгені қаншалықты шындыққа жанасады?

- «Аида» операсын көпшілікке ұсынамыз. Спектакль «Ла Скала» сахнасындағы италиялық режиссер Франко Дзеффирелли қойылымының нұсқасы болып табылады. Солисттің «Аида» операсы ең сүйікті партияларының бірі болып табылады. Опера өнерінде аты аңызға айналған Франко Дзеффиреллидің ғаламат қойылымы шоу сипатымен және заманауи технологияның озық элементтерін қолдануымен үздік шығармаға айналып отыр. Ита­лия­лық режиссер сахнаны көне Мысыр өнерінің үлгілерімен толтырған. Сәнді көп қабатты алып декорациялардың қатарында Сфинкстің басы, сахнаны жалтыратып тұру үшін ілінген алтын кесетер, мысырлық Құдайлардың алып пішіндері және көне Пирамидаға дейін бар.

- Астанада жақын уақыттан бері жұмысқа қосылған Ресейдің Халық әртісі, Мариинский театрының және ағылшын Корольдігі балетінің прима балеринасы Алтынай Асылмұратованың қатысуымен қандай шаралар күтілуде?

-25 маусым күні ашық аспан астында біздің театрдың жаңа туындысы Л. Минкустың «Дон Кихот» балеті тамашаланады. Алғашқы тұсаукесері 2016 жылдың қараша айында болған еді. «Астана Опера» балеттік труппасының көркемдік жетекшісі, Қазақ ұлттық академиясының хореографы, Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Асылмұратова Александр Горскийдің редакциясын негізге алып қойылымды орындады.

Суретшілердің итальяндық құрамы сахна мен костюмдерге жауап берді. Астаналық сахнаға танымал - Эцио Фриджерио мен Франка Скуарчапино.

- ЭКСПО-17 мәдени бағдарлама барысында қала қонақтары мен тұрғындары тағы қандай шетел жұлдыздарының өнерлерін тамашалай алады?

- Біз «Астана Опера» сахнасында Мариин театры труппасының қойылымдарын күтудеміз. 5 күн ішінде (5-10 маусым) опера және балет ресей әртістері өз өнерлерін көрсетеді. ЭКСПО қонақтары мен көрермендеріне Дж. Вердидің «Симон Бокканегро» операсы мен балет Ф. Мендельсонның «Сон в летнюю ночь» жол тартады.

- Театрда баға саясаты қандай болмақ?

- Барлық билеттер қолжетімді, және бұрынғысынша ең төменгі баға -500 теңге. Театрдың сайтында және әлеуметтік желілерде қойылымдарға билеттер сатылымының басталғаны жайында ақпараттандыратын боламыз. Ереже бойынша шара басталуына 2 ай қалғанда билеттер сатылымға шығарылады. Ал, ЭКСПО-2017 бағдарламасы аясында болатын қойылымдардың билеттері жақын арада шығарылады.

- ЭКСПО-17 аясында қандай мәдени-ойын-сауық бағдарламалары болады деп күтілуде?

- «ЭКСПО мәдени бағдарламасы шеңберінде Ла Скала (Италия) театрының гастрольдері, әйгілі Пласидо Доминго негізін қалаған әрі көркемдік жетекшісі болып табылатын «Опералия» опера әншілерінің халықаралық байқауы тамашаланатын болады. Ол алғаш рет 24-29 маусым күндері «Астана Опера» сахнасында қойылады.

Байқау әлемнің ең үздік қалаларында өткізілетін. Ендігі кезекте, Астана өтуі әлем жұлдыздарының, түрлі дүниежүзілік театрлардың кастинг-директорларыныңғ танымал арт-директорларының назарын аударатын болады. Астана қаласында өтетін «Опералия» опера әншілерінің халықаралық байқауын «Rolex» компаниясы ұсынатын болады. Олар шығынның 70% өз мойындарына алды.

Бас жүлде қоры 180 000 АҚШ долларын құрайды. Одан қалды, жүлдегерлерді марапаттаудан басқа әйелдер мен ер азаматтардың дауысы арасында 1,2 және 3 орынның сыйлықтары да болады. Сондай-ақ, Р. Вагнер пен Р. Штраус операсын үздік орындағандарға да сыйлықтар күтілуде.

«Операли» байқауына 18 бен 32 жас аралығындағы әр түрлі дауыстың әншілері қатыса алады. Астанаға әлемнің әр елінен 40 –қа жуық талантты вокалистер келеді. Сондай-ақ, Қазақстанның әртістері де шараға қатысатын болады. Алдын ала электронды тапсырыс 2016 жылдың желтоқсан айы мен 2017 жылдың ақпан айында жүргізіледі. Бұл байқау үш кезеңмен өтеді. Байқау соңы «Астана Опера» симфониялық оркестрінің демеуімен гала-концертпен жалғасады.

- Отандық сахнаның көрермендеріне тағы қандай шаралар үсынасыз?

- 7 тамызда қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының гастролі басталады. Бұл шара 13 тамызға дейін жалғасады. Аңызға айналған сахна әншілері мен бишілері «Легенды великой степи», «Ромео и Джульетта» С. Прокофьеваның балетін, Г. Доницеттидің «Любовный напиток» операсын және Ж. Бизе «Кармен операсын орындайды.

- Астана жаппай концерттік алаңға айналады. Бұл ғаламат қойылымдарды орындауға қанша адам тартылды?

- 19 тамызда Г.Малердің №8 симфониясы өтеді. Бұған 800 музыканттар, оның 300 аспапшы оркестрі, 500 хор әртістері тартылды. Әлем репертуарында ең үздік симфониялық туынды болып саналады. Симфония орындауындағы бұл қойылым бізде алғаш рет ұсынылады. Астанада алғаш рет Ұлы даланың ұлы әндері шырқалатын болады.

- Классикалық әндерді бағаламайтындарға айтарыңыз бар ма?

- Симфониялық әндер – классикалық өнердің ең даму биігі. Әдеби жанрда драма мен роман қай орында болса академиялық бағыттағы әнде осы орынды иеленеді.

- Көрменің мәдени бағдарламасы қандай тосын сыймен аяқталады?

- ЭКСПО-2017 арналған шаралар әлемге танымал Ла Скала (Италия) театрының келуімен аяқталады. Бұл аңызға айналған театрмен біз «Астана Опера» театры ашылғаннан бері бірге қызмет жасап келетінімізді атап өткім келеді. Әріптестік Меморандумына екіжақты қол қойылды. Осының негізінде 2014 жылы Ла Скала труппасын қабылдадық.

Бұл жолы 1-10 қыркүйек күндері Ла Скала миландық театрының опералық труппасы, хор және симфониялық оркестрі Қазақстанда өз қойылымын көрсетеді. Әлемге танымал итальяндық ұжым «Астана Опера» сахнасында гастролдік бағдарламасын ұсынады. Әртістер Зубина Мета мен бас дирижер Рикардо Шайидің жетекшілігімен бағдарламаларын ұсынады.

1, 4, 7, 9 қыркүйек күндері «Астана Опера» театрының Басты залында Ла Скала театрының хор және оркестрінің, опера солистерінің орындауында Джузеппе Вердидің «Фальстаф» комикалық операсы алғаш рет ұсынылады.

3 қыркүйек күні Шайи маэстросы көрермен қауымға симфониялық бағдарламасын ұсынады. Гастролді 10 қыркүйек күні Зубина Метаның жетекшілігімен тағы бір симфониялық концерті өз бағдарламаларымен шараны жабады.

- ЭКСПО-17 көрмесін өткізуде отандық классикалық әндерді ерекше тыңдаушыларға тағы қандай ұсынар шараларыңыз бар?

- Бұл халықаралық көрме барысында театрымызда өтетін іс-шаралардың бір бөлігі ғана. Мен айтқан ірі халықаралық жобалардан басқа «Астана Опера» театрының сахнасында ұжымның репертуарынан опералар мен балеттердің қойылымдары үздіксіз өтіп отырады. Атап айтқанда, театр репертуарында 20 спектакль, оның ішінде 11 жарқын балет пен 9 опера бар.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат